Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес 2023 жылғы 17 шілдеде өзін-өзі ұсыну жолымен Қазақстан ауылдық округі әкіміне кандидат Шатенова Тогжан Сансызбаевна, 2023 жылғы 18 шілдеде өзін-өзі ұсыну жолымен кандидат Белгин Нұрбол Жақыпұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырды.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңы бойынша сәйкестігін айқындайтын болады.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы