2023 жылдың II тоқсанына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша аналитиқалық жазба

2023 жылдың II тоқсанына бойынша  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2022 жылдың 6 желтоқсандағы №37 бұйрығымен «2023 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылдың II-тоқсанында 2 жергілікті атқарушы органда  ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесі бойынша 9 заң бұзушылық анықталды. Олар:

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері – 6;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 2
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері (оқығандығы туралы сертификаттың болмауы) –

Тексеріс қорытындысы бойынша 5 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда 3 ұсыныс орындалса, ал 1 ұсынысты орындау бойынша жоспар жасақталды және 1 ұсыныс бойынша жауапты маманның басқа жұмысқа ауысуына байланысты орындау мүмкіндігі жоқ. Кемшіліктерге жол берген Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін (100 қызметтен астам) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңде 22 адамды қамтыған 2 семинар және 50 адамды қамтыған 4 құқықтық оқыту өткізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желідегі парақшаларында 2 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында  165 жадынама таратылып, 130  адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес аудан әкімі аппараты,  9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен  7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 1785 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен  қағаз түрінде –8 қызмет;

- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері (Е-собес, рынок труда, , ИС Загс, Единая информационная система социально-трудовой сферы, kezekte, E-Qazyna.kz ) арқылы – 1120 қызмет;

  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы –129 қызмет;

 - «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау»  арқылы электронды түрде – 528 қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде 27 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ.        

Дата публикации
05 июля 2023