Аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Б.Айтмагамбетовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім басшылары ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде аудандық полиция бөлімімен 2022 жыл бойынша сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бойынша өткізілген жұмыстары және тұрғындардың өтініштермен жұмысы туралы және аудандық білім беру бөлімінің 2023 жылдың есептік кезеңінде орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымның алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөніндегі есебі тындалды.
Жиын барысында аудан әкімі сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және оны болдырмау мақсатында мекеме қызметкерлері арасында ұдайы құқықтық оқытулар өткізіліп тұруы қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамға көтермелеу бар екендігі ескертіліп, әлеуметтік желілерге жариялану қажеттігін атап өтті.
Жиын соңында аудан әкімі жемқорлықтың мемлекетімізге орасан зор нұқсан келтіретіндігін, ең қиыны – билікке деген халық сенімін жоққа шығаратындығын айтты. Осы ретте, барлық мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.