«Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің іс-қағаз жүргізушісі

БЕКІТЕМІН

«Тасқала аудандық орталықтандырылған

кітапханалар жүйесі» ММ-нің

директоры ________А.С.Дуйсенова

«___» _______________2023 жыл

 

 

                    

         

         «Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің іс-қағаз жүргізушісі - 1 бірлік  (тұрақты)

         Үміткерлерге қойылатын талаптар: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.                                                                                          Лауазымдық міндеттері: хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, оларды құрылымдық бөлімшелерге жолдайды;

      ұйым басшыларының бұрыштамасына сәйкес құжаттарды орындауға береді;

      тіркеу карточкаларын ресімдейді немесе мәліметтер банкін құрайды;

      құжаттамалық материалдарының өту есебінің картотекасын жүргізеді, олардың орындалуына бақылау жүргізеді;

      тіркелген құжаттар бойынша қажетті анықтамаларды береді;

      орындалған құжаттаманы адресаттар бойынша жөнелтеді;

      алынатын және жөнелтілетін хат-хабардың есебін жүргізеді;

      ағымдағы архив құжаттарын жүйелендіреді және сақтайды;

      құжаттар бойынша анықтама аппаратын құру бойынша жұмысты жүргізеді, олардың ыңғайлы және тез іздестірілуін қамтамасыз етеді;

      ұйым архивіне іс жүргізумен аяқталған құжаттамалық материалдарды, тіркеу картотекасын немесе компьютерлік мәліметтер банкін даярлайды және тапсырады;

      сақтау үшін архивке берілетін істердің тізімін дайындайды;

      өтетін қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді.

        Білуі тиіс:

      ұйымда іс жүргізуді реттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелері;

      ұйымның және оның бөлімшелерінің құрылымы;

      ұйымдық-өкімдік құжаттаманың біріздендірілген жүйесінің стандарттары;

      қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуіне бақылау жүргізу тәртібі;

      еңбекті ұйымдастыру негіздері;

      есептеу техникасын пайдалану тәртібі;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      Қажетті құжаттар тізімі: конкурсқа қатысу туралы өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (мекен-жайы, телефоны міндетті түрде көрсетілуі тиіс);фотосурет 3х4 - 1 дана; білімі жөніндегі диплом (нотариуспен расталған көшірмесі); еңбек кітапшасының көшірмесі;   медициналық куәландыру туралы анықтама немесе медициналық  кітапша (түпнұсқа).

      Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы  тиіс: БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы С. Жақсығұлов көшесі 5А. Почта: Taskala_okzh@mail.ru Анықтама телефон/факс:  8 (71139) 21199.          

Дата публикации
07 июня 2023