Тасқала ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Т.Шакировтың төрағалығымен кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына Тасқала ауданының тиісті мекеме басшылары және комиссия мүшелері қатысты.
Жиын барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Қасымованың білім беру ұйымдарындағы оқушылардың қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралар туралы баяндамасы және жас ата-аналардың бала тәрбиесіндегі кемшіліктерге жол бермеу және оның алдын алу мәселелері талқыланды.
Жиынды қорытындылаған ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Т.Шакиров жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін олардың құқықтарын қорғалуын жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.