Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданының Ақтау ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2023 жылғы 28 мамырға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 28 мамырға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 28 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Тасқала ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім Тасқала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлау болатын күн туралы хабар аудандық «Екпін» қоғамдық–саяси газетінде жариялансын.
Тасқала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А.Нұрмақов
Тасқала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Д.Баишева