Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, 2023 жылдың 12 ақпан күні Шежін ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 13 ақпандағы №9 шешімімен Жамбыл Алғадай Жамбылұлы, 1989 жылы туған, «Шежін ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, әкім, Тасқала ауданы ІІ Шежін ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Тасқала ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы