ХАБАРЛАМА ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

        2023 жылдың 12 ақпаныңда екі сайлау округі бойынша Шежін сайлау округі, Тасқала сайлау округі ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.  Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне  6605 сайлаушы енгізілді, олардың  4855  (73,5%) дауыс беруге қатысты.

Әкімдікке кандидаттар саны-5 адам. Екі сайлау округінде де әкімдер сайланды. 2- де «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

         Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама Тасқала аудандық әкімдігінің интернет- ресурсында және БАҚ- та жарияланған.

   

 

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Тасқала ауданының Шежін, Тасқала ауылдық округтері  әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

           2023 жылдың 12 ақпаныңда Тасқала ауданының ауылдық округтерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10- бабына сәйкес, Тасқала ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Шежін сайлау округі

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 709 азамат енгізілді, оның – 576 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны- 12, «Барлығына қарсы» -16.

         Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ескалиев М.С. -451 (82,3%)

Мәліков С.М- 97 (17,7%)

«AMANAT» партиясы ұсынған, Тасқала ауылының тұрғыны, 1989 жылы туған, Ескалиев Миржан Сундеткалиевич Шежін ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Тасқала сайлау округі

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5896 азамат енгізілді, оның – 4279 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны- 85, «Барлығына қарсы» -115.

         Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алтаева И.К. -  559 (13,7%)

Жамбыл А.Ж.-  2945 (72%)

Кужбанов Б.К.-  575 (14,1%)

«AMANAT» партиясы ұсынған, Тасқала ауылының тұрғыны, 1989 жылы туған,  Жамбыл Алғадай Жамбылұлы Тасқала ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
13 февраля 2023