Хабарландыру!

«Тасқала ауданының спорт клубы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны

 

Спортсмен-нұсқаушысы – 1 бірлік (1 адам-Шежін)

Кәсіпорын бас есепшісі – 1 бірлік   

 

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары кәсіби немесе орта арнаулы білім. Жұмыс тәжірибесі құпталады. Заманға сай компьютерді және мемлекеттік тілді білуі қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға байқау өткізу ережесі» қаулысы негізінде жүргізіледі.

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады.

  1. Түйіндеме;
  2. Байқауға қатысу туралы өтініш;
  3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. Білімі, біліктілігі туралы құжат көшірмесі (түпнұсқасымен бірге тексеру үшін);
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі (түпнұсқасымен бірге тексеру үшін);
  6. 075 нысынды анықтама
  7. Сотталмағаны жөніндегі анықтама;
  8. 3х4 фотосурет- дана.
  9. Іс қағаз
  10. Файл

 

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы, құжаттарды байқауға қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру жарияланған күннен бастап  15-күнтізбелік күнінің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, С.Жақсығұлов көшесі, 7 ұй. «Тасқала ауданының спорт клубы» МКҚК.

Анықтама телефоны: 8-711-39-21-9-33.

Дата публикации
02 февраля 2023