"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 133-3 бабына сәйкес 2023 жылғы 13 қаңтарда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық филиалының ұсынуымен Шежін ауылдық округі әкіміне кандидат Ескалиев Миржан Сундеткалиевич аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырды.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Шежін ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Мемлекеттік қызмет туралы"заңға сәйкестігін айқындайтын болады.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы