"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 133-3 бабына сәйкес 2023 жылғы 13 қаңтарда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық филиалының ұсынуымен Тасқала ауылдық округі әкіміне кандидат Жамбыл Алғадай Жамбыұлы және өзін-өзі ұсыну жолымен кандидаттар Кужбанов Бекет Кастаевич, Алтаева Индира Кайырбаевна аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырды.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Тасқала ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Мемлекеттік қызмет туралы"заңға сәйкестігін айқындайтын болады.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы