Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 133-3 бабына сәйкес 2023 жылғы 12 қаңтарда өзін-өзі ұсыну жолымен Шежін ауылдық округі әкіміне кандидаттар: Аменова Эльмира Айдынгалиевна, Мәліков Самат Мәлікұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырды.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Шежін ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңы бойынша сәйкестігін айқындайтын болады.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы