|
№ |
Проблема |
Орындалуы туралы ақпарат |
||
|
Ақтау ауылдық округі |
||||
|
1. |
Ақкүтір ауылына баратын электржелісі жүйесін жөндеу |
Орындалды. 3 км электржелісі, 10 бағана ауыстырылды. 5 тарансформатор ағымдағы жөндеуден өтті. |
||
|
2. |
Ақкүтір ауылына дейін жолды қардан тазалау |
Жұмыс үстінде. Қыс мезгілінде уақытылы тазалануы бақылауға алынады. |
||
|
3. |
Қызылбас ауылына баратын электржелісі жүйесін жөндеу |
Жұмыс үстінде. 5 км электржелісі, 5 бағана, трансформатор ауыстырылды. |
||
|
4. |
Қарой ауылына баратын электржелісі жүйесін жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жыл соңына дейін жүргізіледі. |
||
|
5. |
Ақтау ауылында АШӨК құру |
Жұмыс үстінде. Ақтау ауылында АШӨК құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
||
|
6. |
Ақтау ауылында мал қамау және қой тоғыту орнын салу |
Орындалды. |
||
|
7. |
Ақтау ауылында егінді қоршау |
Жұмыс үстінде. «Арай» ШҚ маусым айында 23 км егістік жер учаскесін «электронды- бақташы» тәсілімен қоршады. Жыл аяғына дейін «Ерлан» және «Жұлдыз» шаруашылықтары 30 км егістіктерін қоршауды жоспарлауда. Қоғамдық бақшаның бір бөлігіне 160 метр электро қоршау орнатылды. |
||
|
8. |
Ақтау ауылында газ трубаларын жөндеу |
Орындалды. |
||
|
9. |
Машино-трактор жөндеу станциясын ашу |
Жұмыс үстінде. Машино-трактор жөндеу станциясын ашу үшін инвестор тарту жұмыстары жүргізілуде. |
||
|
10. |
Ақтау ауылында мал сою алаңын салу |
Жұмыс үстінде. Ақтау ауылында мал сою алаңын салу үшін инвестор тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
||
|
11. |
Жылжымалы қой қырқу пунктін ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. Жылжымалы қой қырқу пунктін ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ниет білдірушілер анықталмады. |
||
|
12. |
Ақтау ауылына техникалық су тарту |
Жұмыс үстінде. Техникалық су тартуға арналған құрал жабдықтардың жетіспеуіне байланысты іске қосылмады. Жетпейтін құрал жабдықтарды алуға қаражат қарастырылуда. |
||
|
13. |
Ақтау ауылында қымыз өндірісін ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. Жылқы ұстайтын шаруа қожалықтармен кездесіп, қымыз өндіру бойынша ұсыныс берілді. |
||
|
14. |
Ақтау ауылында мал қиын бөлек шығаруды ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. Сәуір айының 25-нен бастап мал қиын шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алдағы жылдан бастап малдың қиын қоқыс араластырмай жинау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мал қиын бөлек төгетін орын белгілеп, құжаттары рәсімделді. |
||
|
15. |
Ақтау ауылының кіре-беріс жолын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Ағымдағы жылы 70% қаражат бөлініп, «ДСК Приоритет» ЖШС мердігер болып анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге жалпы 2,5 км-дың 1,3 км жолына асфальт жабындысы төселді. Нысан көшпелі тәсілмен 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. |
||
|
16. |
Ақтау ауылының ауылішілік жолын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жобалық-сметалық құжаттама дайын. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Облыстық бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. |
||
|
17. |
Ақтау ауылының орталық саябағын кеңейтіп, абаттандыру жұмыстарын аяқтау |
Жұмыс үстінде. Әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. 45 раушан гүл, 200 петуния, 250 бархотка гүлдері егілді. 10 қайың, 12 шырша, 70 терек отырғызылды. |
||
|
18. |
Ақтау ауылында комбикорм өндіретін цех ашу |
Жұмыс үстінде. Жер телімі рәсімделді. |
||
|
19. |
Ақтау ауылында минералды су өндіретін цех ашу |
Жұмыс үстінде. Минералды су өндіретін цехтың құжаттары рәсімделіп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. |
||
|
Амангелді ауылдық округі |
||||
|
20. |
І Шежін ауылына баратын электржелісі жүйесін жөндеу |
Орындалды. 1 Шежін, Амангелді ауылдарының және қыстақтардың электр желілеріне ағымдағы жөңдеу жұмыстарын жүргізді. |
||
|
21. |
Амангелді ауылының Бесауыл көшелеріне көше жарығын орнату |
Орындалды. Бесауыл аумағының 3 көшесінде 9 фонарь орнатылған. |
||
|
22. |
Амангелді ауылында балабақша салу |
Орындалған жоқ. Инвестор балабақша салуды кейінге қалдырды. |
||
|
23. |
І Шежін ауылына дейін жолды күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. 2023 жылға ЖСҚ дайындау жоспарлануда. |
||
|
24. |
Амангелді орта мектебіне қызметтік автокөлік сатып алу |
Жұмыс үстінде. |
||
|
25. |
Амангелді ауылының кіре-беріс жолына арка салу |
Орындалды |
||
|
26. |
Амангелді ауылының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. 10 көшенің ЖСҚ дайын, мемлекеттік сараптамадан өтті. Қаражат сұрау үшін Облыстық ЖК және АЖ басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. |
||
|
27. |
Жигули қыстағында Шежін өзені жағасында демалыс орнын жайластыру |
Орындалды. Жигули қыстағында демалыс орны жайластырылып, пайдалануға берілді. |
||
|
28. |
І Шежін ауылына балалар ойын алаңын салу |
Орындалды. 1 Шежін ауылына балалар ойын алаңы (жаңа емес) 2021 жылы орнатылды. |
||
|
29. |
І Шежін ауылында кітапхана ғимаратын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. |
||
|
30. |
Амангелді ауылында алма бағын салу |
Орындалды. 2021 жылы 5 га жерге 300 түп алма, 200 түп алмұрт егілді, биыл теректер көктеп өсуде. |
||
|
31. |
Амангелді жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
||
|
Достық ауылдық округі |
||||
|
32. |
Бастау ауылында заманауи балалар ойын алаңын салу |
Жұмыс үстінде. 2023 жылға жоспарланған. |
||
|
33. |
Бастау, Достық ауылдарында бұралқы иттерді жою және чиптеу жұмысын жүргізу |
Орындалды. Ветеринар дәрігерлер келіп, чиптеу жұмысын жүргізу барысында Достық ауылында 23, Бастау ауылында 3 итке микрочип енгізілді. |
||
|
34. |
Бастау ауылында қоқыс шығару |
Орындалды. Бастау ауылынан қон қоқыс шығару жұмыстары толықтай аяқталды. |
||
|
35. |
Бастау ауылында алма бағын салу |
Жұмыс үстінде. Инвестор тарту жұмыстары жүргізілуде. 300 алма көшеттері уақытша питомникке отырғызылды |
||
|
36. |
Бастау ауылында көшелерді жарықтандыру |
Жұмыс үстінде. Материал алынды. |
||
|
37. |
Бастау ауылында мал қорымын салу |
Жұмыс үстінде. Бастау ауылында мал қорымын салу жұмыстары жүргізілуде |
||
|
38. |
Бастау ауылындағы КТП-ны қоршау |
Орындалды. |
||
|
39. |
Бастау ауылына баратын жолды уақытылы қардан тазалау |
Жұмыс үстінде. Бақылауда |
||
|
40. |
Бастау ауылында қаз шаруашылығын дамыту |
Орындалған жоқ. |
||
|
41. |
Ынтымақ, Бастау ауылдарына ай сайын округ әкімі аппаратының мамандары жұмыс бабымен шықсын |
Жұмыс үстінде. Бастау, Ынтымақ елді-мекендеріне ауылдық округ әкімі аппаратының бас мамандары жұмыс бабымен ай сайын шығып жүр. Қаңтар-мал ұрлығының алдын алу туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпан- ауыл әкімінің есебі. Сәуір-мал бағымын ұйымдастыру, ауыл тазалығын сақтау бойынша жиналысқа қатысу. Мамыр-Ынтымақ ауылына жаңа көшіп келген азаматтарды тіркеу жүргізу. Маусым – Ынтымақ, Бастау ауылына барып, санақ өткізді. |
||
|
42. |
Жұмыс тобын құрып электржелілерін тексеріп, қандай жөндеу жұмыстары қажет екенін анықтап баяндасын |
Орындалды |
||
|
43. |
Ынтымақ ауылында 2022-2023 оқу жылына бастауыш мектеп ашу |
Орындалды |
||
|
44. |
Ынтымақ ауылына дейін жолды уақытылы қардан тазалау |
Жұмыс үстінде. Бақылауда |
||
|
45. |
Ынтымақ ауылына ұялы байланыс орнату |
Жұмыс үстінде. «Востоктелеком» ЖШС жыл соңына дейін интернетпен қамтуды жоспарлауда |
||
|
46. |
Ынтымақ ауылының электржелісі жүйесін жөндеу |
Орындалды. |
||
|
47. |
Ынтымақ ауылын интернетпен қамту |
Жұмыс үстінде. «Востоктелеком» ЖШС жыл соңына дейін интернетпен қамтуды жоспарлауда |
||
|
48. |
Ынтымақ ауылындағы бос үйлерді игеру |
Жұмыс үстінде. Бос үйлерге 2 отбасы көшіп келді. |
||
|
49. |
Ынтымақ ауылында құс шаруашылығын дамыту |
Жұмыс үстінде. |
||
|
50. |
Ынтымақ ауылында АШӨК құру |
Жұмыс үстінде. |
||
|
51. |
Достық ауылында елді мекенге тиіп тұрған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтарып алу жолдарын қарастырсын |
Жұмыс үстінде. Шаруа қожалық басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Талшын» шаруа қожалығы жыл сайын жер учаскесін заңға сәйкес пайдалануына байланысты жер учаскесін қайтару мүмкін емес. |
||
|
52. |
Достық ауылының жолын қардан тазалау |
Жұмыс үстінде. Қыс мезгілінде уақытылы тазалануы бақылауға алынады. |
||
|
53. |
Достық ауылында қоғамдық бақша көлемін ұлғайту |
Орындалды. Биыл Бастау ауылында 4 га жеріне қоғамдық бақша (картоп) егу жұмыстары жүргізілді. «Аманбаев» шаруа қожалығының көмегімен жер жыртылды. 4 га жерге 5 т картоп, 2000 түп орамжапрақ. т.б. көкөністер егілді. |
||
|
54. |
Достық ауылының кіре-беріс жолына күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. «Тоби» ЖШС мердігер болып анықталды. Жөндеу жұмыстары 70 % орындалды, аяқталуы 2023 жылға жоспарланған. |
||
|
55. |
Достық ауылына кіре-беріс 2 км жол бойына ағаш егу (2400 дана) |
Жұмыс үстінде. 2023 - 2025 жылдарға жоспарланды. |
||
|
56. |
Достық ауылында әкімдік ғимаратын жөндеу |
Жұмыс үстінде. 22.06.2022 жылы сот шешімі шықты, шешім заңды күшіне еңгесін ауылдық округ әкімі аппаратының теңгеріміне алынады. |
||
|
57. |
Достық ауылында саябақ салу |
Жұмыс үстінде. Жер учаскесі рәсімделіп, қоршалды. Жарық орнатылды, техникалық су тартылды. 30-жөке ағашы, 15-қарағай, 15-шырша, 15-байтерек, 30-калина ағашы, 30- арша, 200-бұта отырғызылды. |
||
|
58. |
Достық ауылында ҮЕҰ жұмысын жандандыру |
Жұмыс үстінде |
||
|
59. |
Достық ауылында мәдени, спорттық шараларды ұйымдастырып өткізу |
Жұмыс үстінде. Жыл басынан бері бекітілген жоспарға сәйкес Достық ауылдық округінде қоғамдық - саяси, мәдени-көпшіілік (14) және спорттық шаралар (7). Өткізілген шаралар Facebook әлеуметтік парақшасында жариялануда. |
||
|
60. |
Достық ауылында идеологиялық жұмыстарды жүргізу |
Жұмыс үстінде |
||
|
Қазақстан ауылдық округі |
||||
|
61. |
Қалмақшабын ауылына баратын электржелісі жұйесін жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жыл соңына дейін «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС мекемесі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. |
||
|
62. |
Қалмақшабын ауылында билайн байланысының сапасын арттыру |
Орындалды. Байланыс сапасын мемлекеттік бағдарлама арқылы арттыру мақсатында ұсыныс хат жолданды . |
||
|
63. |
Алмалы ауылында электр жарығының жиі сөнуі. |
Жұмыс үстінде. Жыл соңына дейін «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС мекемесі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. |
||
|
64. |
Алмалы ауылына көгілдір отын өткізу |
Жұмыс үстінде. Демеушілік қаражат есебінен ЖСҚ дайындалуда. |
||
|
65. |
Атамекен ауылына дейін 18 шақырым жолын күрделі жөндеу жұмыстарын 2022 жылы аяқтау |
Жұмыс үстінде. Атамекен ауылына дейін 18 шақырым жолының жөндеу жұмыстары аяқталды. Жол жиектерін жасау жұмыстары жүргізілуде. |
||
|
66. |
Атамекен ауылының ауылішілік 2-3 көше жолын асфальттау (ұзындығы 2 км) |
Жұмыс үстінде. Жобалық-сметалық құжаттама дайын. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. |
||
|
67. |
Атамекен ауылындағы АШӨК басшысы тұрғындар алдында есеп берсін |
Орындалды. «Атамекен Ауыл - АГРО» АШӨК басшысы М.Уәлиев келіп ауыл тұрғындары алдында есебін берді. Жаңа басшы сайланды. |
||
|
68. |
Атамекен ауылының ҚТҚ орнын қоршау |
Орындалды. |
||
|
69. |
Атамекен ауылының 90 жылдық мерейтойын тиісті деңгейде ұйымдастыру |
Орындалды. |
||
|
70. |
Молочный қыстағындағы бөгетті жөндеу |
Орындалды |
||
|
Қосшы ауылдық округі |
||||
|
71. |
Ақтау-Оян жолын қардан уақытылы тазалау, грейдерлеу |
Жұмыс үстінде. Қыс мезгілінде уақытылы тазалануы бақылауға алынады. |
||
|
72. |
Оян ЖОББМ жанындағы интернатты жаппау |
Орындалды |
||
|
73. |
Грантты тұрғындарға тиімді бағытта беру |
Орындалды. 2 адам грант иегері атанды |
||
|
74. |
Бос тұрған үйлерді заңдастырып реттеу |
Жұмыс үстінде. Бұзылған үй иелерін іздестіру жұмыстары жүргізілді, үй иелерінің қайтыс болуына байланысты жақын, тума-туыстарынан құжаттарын рәсімдеу немесе шығару жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндірілді. Мәселе бақылауда |
||
|
75. |
Қосшы округіне ақсақалдар кеңесінің төрағасын тағайындау |
Орындалды. |
||
|
76. |
Қосшы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шағын шаруаларға конкурс арқылы алуға мүмкіндік жасау |
Орындалды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылы 2 шағын шаруа қожалықтары жер учаскесін алды. |
||
|
77. |
Оян және Кеңжайлау ауылдарын абаттандыру |
Жұмыс үстінде.. |
||
|
78. |
Оян ауылында саябақты абаттандыру |
Жұмыс үстінде. Қаражат қарастырылды,саябақ құжаты рәсімделді. Өрнек тас төселіп, есік, 8 шам, орындықтар орнатылды. |
||
|
79. |
Оян ауылында мал қорымын салу |
Жұмыс үстінде. 2023 жылдың жоспарына енгізіліп, шаруашылық тәсілмен салу жоспарлануда. |
||
|
80. |
Оян ауылында қой тоғыту орнын салу |
Жұмыс үстінде. 2023 жылдың жоспарына енгізілді. Биыл құжат жасақтауға қаражат бөлінді. Қой тоғыту орны құжатын рәсімдеу жұмыстары басталды. |
||
|
81. |
Оян ауылында 5 трансформатор ауыстыру |
Орындалған жоқ. «БатысҚазЭТК» АҚ тарапынан трасформатор бөлінген жоқ. |
||
|
82. |
Кеңжайлау ауылына газ тартуға ЖСҚ жасау |
Жұмыс үстінде. Құжаттар жасақталды. Тұрғындар қаражатын жинады. Жұмыстар жүргізілуде. |
||
|
83. |
Кеңжайлау ауылындағы АШӨК жер бөлу |
Жұмыс үстінде. Кеңжайлау ауылы аумағында бос жер учаскесі анықталғанда конкурсқа шығарылады. |
||
|
84. |
Оян ауылында идеологиялық жұмыстарды жүргізу |
Жұмыс үстінде. |
||
|
85. |
Оян ауылына дейін 38 км жолды күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жобалық-сметалық құжаттама дайын. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы арқылы мердігер анықталды «Асфа» ЖШС. |
||
|
86. |
Оян ауылында жеке секторға талшықты оптикалық байланыс арқылы интернет тарту |
Жұмыс үстінде. Жұмыстар басталды. «Транстелеком» АҚ қазіргі уақытта 12 абонентті интернетке қосты |
||
|
Мерей ауылдық округі |
||||
|
87. |
Өркен ауылына газ тартуға ЖСҚ дайындау |
Жұмыс үстінде. ЖСҚ дайындалды. Сараптамаға жолданды. |
||
|
88. |
Өркен ауылына ауыз су өткізу үшін ЖСҚ дайындау |
Орындалды. КБМ қондырғысы орнатылды. |
||
|
89. |
Өркен ауылындағы бөгетті жөндеу |
Жұмыс үстінде. Мемлекеттік жер актісі алынды. 2023 жылға ЖСҚ жасауға бюджеттік өтінім берілді |
||
|
90. |
Өркен ауылында бордақылау алыңын ашу |
Жұмыс үстінде. Бордақылау алаңына жер алу қағаздары рәсімделуде |
||
|
91. |
Өркен ауылында құс шаруашылығын дамыту |
Жұмыс үстінде. |
||
|
92. |
Айнабұлақ және Аққайнар ауылдарында АШӨК құру |
Жұмыс үстінде. Айнабұлақ ауылында «Тасқала Агро» АШӨК құрылды. Аққайнар ауылында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. |
||
|
93. |
Тоғайлы ауылына ұялы байланыс өткізу |
Жұмыс үстінде. Тоғайлы ауылын 250-ден астам тұрғындары бар елді мекендері байланыспен қамту жобасына қосу ұсынылды. |
||
|
94. |
Айнабұлақ ауылына интернет және ұялы байланыс тарту |
Жұмыс үстінде. «Востоктелеком» ЖШС әр үйді кең жолақты интернетпен қамтуды жоспарлап отыр. |
||
|
95. |
Айнабұлақ негізгі мектебін күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындау, немесе жаңа мектеп салу |
Жұмыс үстінде. 2023 жылға сметалық құжаттамасын дайындауға демеушілік қарастырылуда |
||
|
96. |
Тоғайлы ауылына мал қорымын салу |
Жұмыс үстінде. |
||
|
97. |
Тоғайлы ауылына баратын электржелісі жүйесін жөндеу |
Жұмыс үстінде. |
||
|
98. |
Мерей ауылында мәдени-сауықтыру орталығын салу |
Жұмыс үстінде. Мерей мәдени - сауықтыру орталығының құрылысы бойынша ЖСҚ дайын. Жоба құны 276 млн. теңге. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жобаны қаржыландыру 2023 жылға жоспарланған. |
||
|
99. |
Мерей ауылында жас мамандарға үй салу |
Жұмыс үстінде. |
||
|
100. |
Мерей ауылында ыңғайлы жерде балалар ойын алаңын орнату |
Жұмыс үстінде. |
||
|
101. |
Мерей ауылында дүкен қасында жол белгілерін орнату |
Орындалды. |
||
|
102. |
Мерей ауылында бөгетке қоң қоқыс тастамау |
Орындалды. |
||
|
103. |
Мерей ауылында көше атауымен тақтайшалар орнату |
Орындалды. |
||
|
104. |
Мерей ауылында қоқыс тастау жәшіктерін орнату |
Орындалды. Жеңіл қоқыс салуға 10 урна, тұрмыстық қалдық салуға арналған 7 қоқыс жәшігі орнатылды |
||
|
105. |
Мерей ауылында Жеңіс саябағын абаттандыру |
Орындалды. |
||
|
106. |
Мерей, Айнабұлақ, Тоғайлы елді мекендерінде балалар ойын алаңын орнату |
Орындалды |
||
|
107. |
Мерей ауылында тратуар салу |
Жұмыс үстінде. Мемлекеттік жер актісі алынды. 2023 жылға бөджеттік өтінім берілді |
||
|
108. |
Мерей ауылында хоккей алаңын салу |
Орындалған жоқ. 2023 жылға жоспарланған |
||
|
109. |
Мерей ауылына баратын электржелісі жүйесін жөндеу |
Жұмыс үстінде. 35 бағана жөнделді |
||
|
110. |
Мерей ауылының ауылішілік жолын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. ЖСҚ дайын. |
||
|
111. |
Мерей ауылын «Үздік ауыл» конкурсына қатыстыру |
Орындалды |
||
|
112. |
Мерей ауылында АШӨК дамыту |
Жұмыс үстінде. АШӨК құрамына 67 мүшесі бар. 300 бас ІҚМ біріктірілген. |
||
|
113. |
Мерей ауылындағы «Айголек» балабақшасын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жобалық-сметалық құжаттары жасалды. Сараптамаға жолдауға 1,8 млн.теңге қаражат қажет. БҚО білім басқармасына бюждеттік өтінім берілді. |
||
|
114. |
Айнабұлақ ауылында фельдшерлік пункт ғимаратын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. |
||
|
Мереке ауылдық округі |
||||
|
115. |
Мереке ауылы тұрғындарының ІҚМ және ҰММ АШӨК толық біріктіру |
Жұмыс үстінде. Мереке ауылының жеке қосалқы шаруашылығы бар тұрғындарының 68% АШӨК құрамына кірді. Бүгінгі күні 250 бас аналық мал тіркелген. |
||
|
116. |
Мереке ауылында мал сою алаңын ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. |
||
|
117. |
Мереке ауылында мал қамау және қойды тоғыту және қырқу орнын жасау |
Орындалды. Мамыр айында өткізілген сессия арқылы қаражат берілді. Маусым айында мемлекеттік сатып алу порталына шығарылады. Жоба құны 3167,0 мың теңге. Мереке ауылының оңтүстік бағытында мал қамау және қойды тоғыту және қырқу орны жасақталып, жұмыстары толықтай аяқталды. |
||
|
118. |
Мереке ауылында жүн өндеуді ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. Қайтарымсыз грант алу арқылы бұл мәселені шешу мүмкіндігі қарастырылуда. |
||
|
119. |
Тасқала-Аққурай автожол бойында, бие сауып, саумал сатуды ұйымдастыру |
Орындалды. Маусым айының басынан Есенсай және Дөңбек қыстақтары бие байлады. Сонымен бірге Тасқала-Аққурай автожол бойында қымыз сатылымы ұйымдастырылды. |
||
|
120. |
Құс шаруашылығын ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. «Ауыл аманаты» пилоттық бағдарламасы бойынша 2,5 пайыздық үстемесі арқылы кредит алып, алдымыздағы жылы құс шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген бірнеше ауыл азаматтары өтініштерін берді. |
||
|
121. |
Мереке ауылында камыс шабу, байлауды ұйымдастыру |
Орындалды. Ауыл тұрғыны Кенжешев Сағдат қамыс шабу және буу жұмысымен айналысуда. |
||
|
122. |
Мереке ауылында қоғамдық бақша егуді ұйымдастыру |
Орындалды. Мереке ауылдық округі әкімі аппараты жекелеген азаматтармен бірлесіп Бубенец қыстағына 1,5 га жерге картоп екті. |
||
|
123. |
Мереке ауылына кіре-беріс жолға ЖСҚ дайындау |
Жұмыс үстінде. Аққурай-Тасқала тасжолынан Қалмақ елдімекеніне дейін кіреберіс жол салу үшін ЖСҚ жасау жоспарлануда. |
||
|
124. |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мереке ауылында «Отбасы аллеясын салу» |
Жұмыс үстінде. Жобаның жалпы құны 3,6 млн.теңге тұрады. Демеушілердің қаражаты жинақталды. Жобаны 2023 жылдың көктемінде аяқтау жоспарлануда. |
||
|
125. |
Мереке ЖББОМ күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындау |
Жұмыс үстінде. Техникалық сараптама жүргізілді. Қорытынды шыққаннан кейін құжаттар Жобалық-сметалық құжат дайындауға жолданады |
||
|
126. |
Қалмақ ауылына билайн байланысын қосу |
Орындалды. Билайн 4G байланысымен қамтылған |
||
|
127. |
Мереке ауылында тұрғындарды интернет желісіне қосу |
Жұмыс үстінде. «Цифрлық серіктас» бағдарламасы арқылы қосу жоспарлануда |
||
|
128. |
Мереке ауылының саябағын абаттандыру |
Жұмыс үстінде. Саябақты сметаға сәйкес толық абаттандыру үшін 14 млн қаражат керек. |
||
|
129. |
Мереке ауылында жылқыны АШӨК біріктіру |
Жұмыс үстінде. Мереке ауылында жылқыны АШӨК біріктіру мәселесі бүгінгі күнге шешілмеді. Жылқы түлігінің көбі шаруа қожалықтарына қосылған. |
||
|
130. |
Мерекеден Тасқала ауылына қатынасатын маршруттық автобус шығару |
Жұмыс үстінде. Аталған маршрут шығып, ақпан-мамыр айлары аралығында жүрген болатын. Алайда, қазіргі уақытта тасымалдаушы жүруден бас тартуына байланысты тоқтатылды. |
||
|
131. |
Мереке ауылының 90 жылдық мерейтойын ұйымдастыру (кітап жасау, мұражай ашу, ұлттық, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру, мерейтойға ауылға тарту жасау) |
Орындалды. Мереке ауылының 90 жылдық мерейтойын ұйымдастыру шаралары жоспарға сәйкес өткізіліді. Фейсбук әлеуметтік желісінде мәліметтер жарияланды. |
||
|
132. |
Мереке ауылындағы бос үйлерге жас отбасыларын көшіру |
Жұмыс үстінде. Мереке ауылындағы бос үйлерге жас отбасыларын көшіру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. |
||
|
133. |
Апаттық жағдайдағы тұрғын үй мәселесін шешу |
Жұмыс үстінде. Апаттық жағдайдағы тұрғын үй мәселесін шешу бойынша ауылдағы үйлерге мониторинг жасалды. Бүгінгі күні округ бойынша 26 үй бос тұр. Соның 4 апаттық жағдайда, 2 үйдің иелерімен сөйлесілді, 2 үйдің иелері іздестірілуде. |
||
|
134. |
Мереке ауылында идеологиялық жұмыстарды жүргізу |
Жұмыс үстінде. Мереке ауылында идеологиялық жұмыстар біркелкі ұйымдастырылуда. |
||
|
135. |
Мереке ауылдық округінде ҮЕҰ жұмыстарын жандандыру |
Жұмыс үстінде. Мереке ауылдық округінде ҮЕҰ жұмыстарын жандандыру мақсатында ақсақалдар және әйелдер кеңесі қайта құрылып, жоспарлары жасақталды. |
||
|
136. |
Мереке ауылының Молдагулова, Құрманғазы, Маметова көшелеріне көше жарығын орнату |
Жұмыс үстінде. Қазіргі таңда Абай көшесіне 15 жарық диодты шам, Қалмақ елді-мекеніне күн сәулесінен қуат алатын 7 шам орнатылды. Мереке ауылының Молдагулова, Құрманғазы, Маметова көшелерінің электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін аудандық бюджеттен 8628,0 мың теңге қаражат бөлінді. Жарықшамдар сол кезеңде орнатылады. |
||
|
137. |
Мереке ауылдық округ аймағында мемлекеттік шекараны толық сыммен қоршау. Шаруа қожалықтары жерлерін электрбақташымен қоршауды ұйымдастыру. Жартылай шаруашылықтар қоршаса, жартылай мемлекет қаражаты есебінен қоршау мүкіндігін қарастыру |
Жұмыс үстінде. Жер пайдаланушылар анықталды, жер телімдер белгіленді. Шаруа қожалықтары жерлерін электрбақташымен қоршау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. |
||
|
Тасқала ауылдық округі |
||||
|
138. |
Бірлік ауылына ауыз су құбырын тарту |
Жұмыс үстінде. Ағымдағы жылы қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы арқылы құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс жарияланды |
||
|
139. |
Бірлік ауылына кіре-беріс жолды күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. «Ануш Құрылыс» ЖШС мердігер болып анықталды. Жұмыстар 2023ж. көшпелі тәселмен аяқталады. |
||
|
140. |
Бірлік ауылында медпункт құрылысы |
Жұмыс үстінде. Жер учаскесі дайындалды. Облыстық денсаулық сактау басқармасына бюджеттік өтінім берілді. |
||
|
141. |
Бірлік ауылына интернет желісін тарту |
Жұмыс үстінде. Интернет-провайдерлермен келіссөздер жүргізілуде . |
||
|
142. |
Бірлік ауылының электржелісі жүйесін жөндеу |
Жұмыс үстінде. Трансформатор сатып алынды. Жыл соңына дейін орнату жоспарлануда |
||
|
143. |
Бірлік ауылының көшелерін жарықтандыру |
Орындалды. Қазіргі уақытта 12 көше жарығы орнатылған. |
||
|
144. |
Бірлік ауылында бұралқы иттерді жою |
Жұмыс үстінде. Аудандық ветеринарлық станциясымен бірлесіп жұмыстар атқарылуда. Бірлік ауылы бойынша 12 ит ауланды. |
||
|
145. |
Бірлік ауылында тұрғындар, әсіресе балалар санын көбейту |
Жұмыс үстінде: Қазіргі уақытта Бірлік негізгі мектебінде оқушы саны жеткілікті. |
||
|
146. |
Жігер ауылында электржелісі жүйесін жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жыл соңына дейін «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС мекемесі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда |
||
|
147. |
Жігер ауылына кіре-беріс жолды күтіп ұстау бойынша жұмыстану |
Жұмыс үстінде. |
||
|
148. |
Тасқала ауылында балабақша құрылысы |
Жұмыс үстінде. Екі жеке балабақша ашу жоспарлануда. |
||
|
149. |
Тасқала ауданында сүт тауарлы фермасын ашу және Тасқала ауылында жергілікті өндірілген сүт сатуын ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. «2022-2025 жылдар аралығында сүтті белдеу жол картасын іске асыру жоспарына» сәйкес «Қоныс» шаруа қожалығы Тасқала ауылында сүтті бағытта шаруашылығын бастағалы жатыр. Қазіргі таңда жер мәселесін шешу жұмыстарымен айналысуда, кейін несие алып жұмысқа кірісуді жоспарлап отыр. |
||
|
150. |
Ауылдағы тратуарларды уақытылы қардан тазалау |
Жұмыс үстінде. |
||
|
151. |
«Азалы ана» ескерткішін күрделі жөндеу, ҰОС қаза тапқандардың тізімін жаңарту, қосымша 40 адам қосу. Ескерткіш басына отырғыштар орнату. Отырғызылған ағаш, гүлдерді суару. |
Жұмыс үстінде. 2022 жылы құрылыс монтаж жұмыстарын бастауға аудандық бюджеттен 50% (53 839 мың теңге) қаражат бөлінді. Нысан бойынша жұмыстар басталуда, құрылыстың мерзімі 2 ай. Бас мердігер мекемесі «Сункар Актобе 2005» ЖШС, техникалық қадалаушы мекеме «Алатау сапа құрылыс» ЖШС, авторлық қадағалаушы мекеме «WESTKAROS» ЖШС. Жобаның құны 107 412,1 мың теңгені құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың 18 қазан күні басталды. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары ауыспалы болғандықтан, аяқталу мерзімі 2023 жылы. |
||
|
152. |
Тасқала ауылы Скоробогатов көшесіндегі балалар ойын алаңы газ трубасының астында орналасқан, ойын снарядтары ескірген. Ретке келтіру қажет |
Жұмыс үстінде. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. |
||
|
153. |
Тасқала ауылында егілген ағаштарды суарып, күтіп ұстауды ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. Мердігер анықталып, аптасына 3 рет суару жұмыстары жүргізілді. |
||
|
154. |
Ай сайын Тасқала ауылы бойынша аудан әкімі бастаған жұмыс тобының рейдін ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. Орталық көшелерге 2 рейд ұйымдастырылды. |
||
|
155. |
Тасқала ауылында камыс, қоғаны шабу |
Жұмыс үстінде. Қазіргі таңда қаражат бөлініп, мердігер анықталды. Жұмыстар жүргізілуде. |
||
|
156. |
Жаңа жыл мерекесін тойлауды тиісті деңгейде ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. |
||
|
157. |
Тасқала ауылында сырғанақ, мұзайдынын, хоккей коробкасын жасау (Деркөл өзенінде) |
Жұмыс үстінде. |
||
|
158. |
Тасқала ауылында көше жарығы жоқ кейбір көше учаскелерін жарықтандыру |
Жұмыс үстінде. Тасқала ауылының Маметова, Чурилин, Жеңіс, Саябақ, Панфилов, Шевченко, Кенжин көшелерінің көше жарығын қайта жаңарту жұмыстарына мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланды. |
||
|
159. |
2022 жыл «Балалар жылын» мектептер және кітапханамен бірігіп дұрыстап ұйымдастырып өткізу |
Жұмыс үстінде. Аудан бойынша 27 шара ұйымдастырылып өткізілді. |
||
|
160. |
Тасқала ауылында қоғамдық бақша көлемін ұлғайту, агроном маманын тарту осы жұмысқа |
Орындалды. Ұжымдық бау-бақша 11 га жер учаскесіне ұйымдастырылып, 20 ұжым және 7 ауыл тұрғыны өнімдерін отырғызды. 25 тонна өнім алынды. |
||
|
161. |
Тасқала ауылында АШӨК құру, дамыту (Мал бағу, суару, бойдақ малды бөлек бағу, қараусыз жүрген мал мәселесін шешу ұйымдастыру) |
Жұмыс үстінде. Тасқала ауылы бойынша 2022 жылы 1 азамат АШӨК құруға ниет білдіруде. |
||
|
162. |
Тасқала ауылында ескі су трубаларын ретке келтіру, ескі құдықтарды жою |
Жұмыс үстінде. |
||
|
163. |
Тасқала ауылында ҚТҚ-ды әрбір ауладан жинап шығаруды түгел ауыл бойынша ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. |
||
|
164. |
Тасқала ауылы аумағында автотрасса бойында парк салу тиімділігін анықтау |
Жұмыс ұстінде. Ауданымызды көгалдандыру және көркейту мақсатында Тасқала ауылы аумағындағы автотрасса бойында парк салу тиімді екені анықталды. Қазіргі таңда бұл бағытта, яғни автотрасса бойында парк салуға инвестор іздестірілуде. Оған қоса, 2021 жылы Тасқала ауылының Орал-Озинки тас жолы бойынан 0,4 га жер учаскесіне саябақ салынып, 170 терек егілді. |
||
|
165. |
Тасқала а. шағын көшелерінің жолын күрделі жөндеу, ауыз су тарту |
Жұмыс үстінде. Жоспарға енгізілді, қаражат бөлінуіне байланысты жұмыстар атқарылатын болады. |
||
|
166. |
Тасқала ауылы ішінде автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрал мен бейнебақылау камераларын орнату |
Жұмыс үстінде. Сметалық құжаттар жасақталды. Облыстық басқармаға қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолданды. |
||
|
167. |
Тасқала ауылының көше жолдары үстінен өтетін газ трубаларын (арка) нормаға сәйкестендіру |
Жұмыс үстінде. |
||
|
168. |
Тасқала а. ҚТҚ сұрыптап жинауды ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. |
||
|
169. |
Құрманғазы көшесін жарықтандыру |
Орындалды. 2021 жылы күзгі уақытта Құрманғазы көшесіне 15 көше жарығы орнатылды. |
||
|
170. |
Тасқала а. Жуков көшесінде қар суын ағызу жолын қарастыру. Жолды жөндегенде су ағатын труба салмаған |
Орындалды. |
||
|
171. |
Тасқала ауылы Ахметкалиева көшесіне волейбол алаңын орнату |
Жұмыс үстінде. Ахметкалиева көшесінде волейбол алаңын орнату үшін жер учаскесі анықталып, тазартылды. Қазіргі уақытта көше тұрғындары өз қаражаты есебінен алаңды жасауда. |
||
|
172. |
Тасқала ауылындағы жөнделген жолдардың асфальты жарылып жатыр кепілдік мерзімі өткенге дейін жөндеу қажет |
Жұмыс үстінде. Үнемі бақылауда. |
||
|
173. |
Тасқала а. Құрманғазы көшесінде су құбырын ауыстыру |
Жұмыс үстінде. Қосымша қаражат бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізіледі. |
||
|
174. |
Тасқала ауылында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру |
Жұмыс үстінде. ЖСҚ жасақталып, облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Биылғы жылы қаражат бөлінген жоқ. |
||
|
175. |
Тасқала ауылында тұрғын үй құрылысын жүргізу |
Жұмыс үстінде. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тасқала ауылының Пушкин көшесінде үш қабатты 18-пәтерлі тұрғын үй және оған инженерлік инфрақұрылымдарын салу жобасы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Аяқталу мерзімі 2022 жылы. Қазіргі таңда мемлекеттік бюджеттен тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінбеуіне байланысты тұрғын үй жобаларының іске асырылуы шешімін таппай жатыр. Осыған байланысты инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде. |
||
|
176. |
Тасқала–Орал арасына қатынасатын поезд 2 вагоннан тұрады, поезд тоқтағанда соның біреуін ашпайды |
Орындалды. Аталған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау туралы тасымалдаушыға ескертілді. |
||
|
177. |
Тасқала ауылында кәсіпкерлік нысандар мен мемлекеттік мекеме ғимараттарын жарықтандыру |
Жұмыс үстінде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. |
||
|
178. |
Тасқала ауылында Н.Назарбаев ат.саябақты көгалдандыру |
Орындалды. 2022 жылы700-ден астам гүлдерді егу жұмыстары жүргізілді. |
||
|
179. |
Тасқала ауылында жаңа зират орнын абаттандыру |
Жұмыс үстінде. Қоршау жұмыстарын жүргізуге демеуші іздестірілуде. |
||
|
180. |
Тақала ауылы Абулхаирхана көшесі № 27 көпқабатты 18 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Тұрғындармен жиланыстар өткізіліп, құжаттар жинау жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар жиналғаннан кейін жобалық-сметалық құжат жасақтау жоспарлануда |
||
|
181. |
Бау-бақша егу мақсатында Тасқала ауданында конкурс арқылы берілетін жер телімінің бекітілген ең төмен мөлшерін 5 гектарға дейін аззайту |
Жұмыс үстінде. БҚО жер қатынастары басқармасына ұсыныс хат жолданды |
||
|
182. |
Тасқала ауылында интернет сапасын арттыру |
Жұмыс үстінде. Келіссөздер жүргізілуде |
||
|
183. |
Тасқала ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау |
Жұмыс үстінде. Қазіргі таңда Тасқала ауылында 320 орынға арналған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысының ЖСҚ түзетілуде. Қыркүйек айында сараптамаға тапсырылды. Сараптаманын оң қорытындысын алғаннан кейін тапсырыс беруші КПО б.в. мердігер мекемесін анықтау конкурсін өткізеді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылы жоспарлануда. |
||
|
184. |
Батыс Қазақстан облысында бау-бақша, бау-бақ салу бойынша әлеуметтік желілерде практикалық көмек ретінде бейнеролик жасақтап тарату (вебинар өткізу) |
Орындалды. Әлеуметтік желіде кәсіби бағбан Кайрат Каримовтың мастер-классы бейнеленген бейнежазба таратылды. |
||
|
185. |
«Жастар» стадионында қайта құру жұмыстарын жүргізу |
Жұмыс үстінде. «Жастар» стадионына қайта құру жұмыстарына ЖСҚ дайын. БҚО спорт басқармасына бюджеттік өтінім берілді. |
||
|
186. |
Тасқала ауылының ауылішілік көшелерін уақытылы, сапалы қардан тазалау |
Жұмыс үстінде. |
||
|
187. |
Тасқала ауылы ішінде қатынасатын маршруттық Газельдерді жаңарту, санын көбейту |
Орындалды. Тасымалдаушымен келісіліп, қосымша газель шықты, қазіргі уақытта аудан орталығы Тасқала ауылының ішінде 3 дана газель автокөліктері өз маршруттары бойынша жолаушылар тасымалымен айналысады. |
||
|
188. |
Тасқала ауылында екінші темір жолды кесіп өтетін автомобиль жол өтпелін салу |
Орындалған жоқ. Сұраныс хат жолданды. КТЖ тарапынан екінші өтпел салуға келісім берілмеді. |
||
|
189. |
Жастар ресурстық орталығында жасайтын жастардың жалақысын 160 мың теңгеге көтеру |
Жұмыс үстінде. БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасына хат жолданды. |
||
|
190. |
Жастар ресурстық орталығында жасайтын жастарға статус беру |
Жұмыс үстінде. БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасына хат жолданды. |
||
|
191. |
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді 29 жасқа дейінгі жастарға конкурссыз беру |
Жұмыс үстінде. БҚО жер қатынастары басқармасына ұсыныс хат жолданды |
||
|
192. |
Тасқала ауылында Kaspi банк терминалын орнату |
Орындалған жоқ. «Kaspi банк» АҚ-ның БҚО филиалы басшысымен кездесу кезінде Тасқала ауылы тұрғындарының аз болуына байланысты, терминал орнату тиімсіз болуына байланысты келісім бермеді. |
||
|
193. |
Облыс бойынша табиғи газ тарифін азайту |
Орындалды. Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына ұсыныс берілді |
||
|
194. |
Тұрғын үйде табиғи газ есептегіш құралы істен шыққанда пайдаланған газ үшін төленген айларды қайта есептеп төлетеді. Осы мәселені реттеу |
Орындалды. Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына ұсыныс берілді |
||
|
195. |
Тасқала ауылының оңтүстік-батыс бөлігінде мал суару үшін дамбаға қайта құру жұмыстарын жүргізу |
Жұмыс үстінде. Тасқала ауылының су қорғау бөгетін қайта құру бойынша ЖСҚ дайын. БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. |
||
|
196. |
Тасқала ауылының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жобалар жасақталып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. |
||
|
197. |
Бұралқы иттерді аулау ережесін тиімді жасау үшін өзгеріс енгізу қажет |
Орындалды. Аудан бойынша 188 ит ауланды, 170 ит кастрацияланып зарарсыздандырылды. |
||
|
198. |
Тасқала ауылындағы темір жолдың арғы жағындағы көшелерді жарықтандыру |
Жұмыс үстінде. Тасқала ауылының Маметова, Чурилин, Жеңіс, Саябақ, Панфилов, Шевченко, Кенжин көшелерінің көше жарығын қайта жаңарту жұмыстарына мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс ұйымдастырылды. |
||
|
199. |
Жаңадан бастаған кәсіперлерге және грант алғандарға отыратын ғимарат салу |
Жұмыс үстінде. Жер телімі бөлінді. Инвестор анықталды. |
||
|
200. |
Аудандық коммуналдық шаруашылығына арнайы ауыр техника сатып алу |
Жұмыс үстінде. Қаражат бөлінген жағдайда техника сатып алынатын болады. |
||
|
201. |
Мал терісі мен қой жүнін қабылдауды ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. Жүн қабылдау ұйымдастырылды. |
||
|
202. |
Тасқала ауылы Қалдаяқов көшесінің жолын жөндеу (шұңқыр) |
Орындалды. |
||
|
203. |
«Сәулет» шағын ауданында мектеп құрылысы |
Орындалған жоқ. Тасқала ауылындағы мектеп жасындағы бала санына жұмыс жасап тұрған мектептер қуаттылығы жеткілікті. |
||
|
204. |
Жайықбай каналын қайта құру жұмыстарына жасалған сметалық құжаттарын қайта тексеріп, бағасын азайту жолдарын қарау |
Орындалған жоқ. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында сәуір айында жоба талқыланды. Сметалық құжат құнын төмендету мүмкін емес екені анықталды.. |
||
|
205. |
Шаруа қожалықтардың салық төлеу базасын ұлғайту мақсатында талдау жасап, тиісті шаралар алу |
Жұмыс үстінде. 30 шаруашылықпен жеке кездесулер кезінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда. |
||
|
Шежін ауылдық округі |
||||
|
206. |
Амангелді, Шежін ауылында ауыз су бағасын төмендету |
Жұмыс үстінде. БҚО энерегтика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы басқармасына құжаттар топтамасы тапсырылды. Үнемі бақылауда. Су бағасы 313,40 теңгеден 306,68 теңгеге түсірілді. |
||
|
207. |
Шежін ауылында қойылмаған жерлерге су шахталарын орнату, бар шахталарды тексеріп, жөндеп, тазалау жұмыстарын жүргізу |
Жұмыс үстінде. 10 люктің қақпақтары жабылды. Құдықтардың іші тазаланды. Жан – жақтарына жартылай топырақ төселді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты топырақ төсеу жұмыстары толық аяқталған жоқ. Насосный станциядағы құбыр жөнделді. Жаңадан қазылған 2-ші құдық іске қосылды.. |
||
|
208. |
Шежін ауылында жылқы қамайтын орын ұйымдастыру |
Орындалды. |
||
|
209. |
Шежін ауылында шаруа қожалықтар арзан бағамен ет сатуын ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. Шаруа қожалықтардың басшылырымен кездесу барысында арзан бағамен ет сату бойынша ұсыныс берілді. |
||
|
210. |
Шежін ауылында қойдын жүні мен мал терісін өндеуді ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. Шежін ауылының тұрғындары арасында қойдың жүні мен мал терісін өңдеуді ұйымдастыру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тасқала аудан орталығында тұратын «Жаңаауыл» шаруа қожалығының басшысы қабылдайды. |
||
|
211. |
Шежін ауылының 3 көшесін жарықтандыру |
Орындалды. Шежін ауылы бойынша 3 көше жарықтандырылды. |
||
|
212. |
Шежін ауылындағы намазхананы жөндеу |
Орындалды. Ауыл тұрғындары шаруа қожалық басшыларының қолдауымен ауылымыздың Намазханасын күрделі жөндеуден өткізді. |
||
|
213. |
Шежін ауылындағы алма бағында алма ағашының санын 1 000 түпке жеткізу |
Орындалда. 2022 жылы алма ағашының саны 1000 түпке жетті |
||
|
214. |
Шежін ауылында газ құбырларын сырлау |
Орындалды. |
||
|
215. |
Шежін ауылының өзенінде шлюз қою, бөгет салу |
Орындалды. Батыс Қазақстан облыстық «Қызыл Ай» қоғамының демеушілік көмегімен Шежін өзенінде шлюз қою,бөгет салу жұмыстары жүргізілді. |
||
|
216. |
Шежін ауылының Карменов көшесіне тратуар салу |
Орындалған жоқ. Қаражат бөлінген жоқ |
||
|
217. |
Шежін ауылындағы саябақта аллея салу |
Орындалған жоқ. Қаражат бөлінген жоқ |
||
|
218. |
Шежін ауылында балалар ойын алаңын салу |
Орындалды. Орталық көше мен Б.Жусубалиев көшесіне балалар ойын алаңы салынды. |
||
|
219. |
Шежін ауылында стрит варкаут орнату |
Орындалды. Орталық көше мен Мендешев көшесінің қиылысына стрит воркаут салынды. |
||
|
220. |
Шежін ауылында 3 трансформатор ауыстыру |
Орындалған жоқ. |
||
|
221. |
Шежін ауылында қой тоғыту орнын салу |
Орындалған жоқ. ЖК «Іңкәр» жеңімпаз атанып, жұмысын орындамады. Біржақты келісімшарт бұзылды. ПП 4, п19, ст 43 мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес. Қазіргі таңда екінші рет 5 қыркүйекте Мемлекеттік сатып алуға ЗЦП шықты. 12 қыркүйек қорытындысы шығады. Мемлекеттік сатып алуға мердігер шықпады. Келісімшарт жасалған жоқ. |
||
|
222. |
Шежін ауылында мұз алаңын жандандыру |
Орындалған жоқ. Қаражат бөлінген жоқ |
||
|
223. |
Шежін ауылына техникалық су тарту |
Жұмыс үстінде. ЖСҚ жасақталуда. |
||
|
224. |
Шежін ауылының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге ЖСҚ жасау |
Жұмыс үстінде. «Лайге» ЖШС жобалық—сметалық құжат жасауда |
||
|
225. |
Шежін ауылында ұялы байланыс сапасын арттыру |
Орындалды. Билайн 4G орнатылды |
||
|
226. |
Талдыбұлақ, Еменжер елді мекен көшелерін жарықтандыру |
Орындалды. Талдыбұлақ, Еменжар елді мекендеріне көше шамдары орнатылды. |
||
|
227. |
Талдыбұлақ ауылына ауыз су тарту |
Жұмыс үстінде. Ұңғыма суын тазалайтын кешенді блок-модуль орнату жоспарлануда |
||
|
228. |
Талдыбұлақ ауылында жекенін малын бағатын жер жеткіліксіз |
Жұмыс үстінде. Елді мекен тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді |
||
|
229. |
ІІ Шежін ауылында тұрғын үйлерге интернет тартуды кезек бойынша жүргізу |
Жұмыс үстінде. Интернетке қосу Қазақтелекомның ішкі бағдарламасы арқылы қалыптасқан кезек бойынша жүргізілде |
||