"Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың 18 маусымда сағат 12:00-де (Нұрсұлтан уақыты) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында бағаны көтеру әдісімен электронды аукцион өткізілетіндігі туралы хабарлайды..
Байқауда жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі
|
р/с |
Құқықтан айыру түрі |
Жер учаскесінің алаңы (га) |
Нысаналы Мақсаты |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны |
Бастапқы құны, теңге |
Кепілдік жарнасы |
|
1 |
3 жылға жалдау құқығы |
0,0992 |
Ғимараттар мен құрылыстар құрылысына қызмет көрсету үшін |
Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Жақсығұлова көшесі |
460 288,0 |
27617,0 |
138900,0 |
|
2 |
3 жылға жалдау құқығы |
6,21 |
Құс фермасының құрылысы үшін |
БҚО, Тасқала ауданы , Тасқала ауылы, «Тасқала-Орал» тас жолы бойында |
28 814 400,0 |
1728864,0 |
138900,0 |
|
3 |
3 жылға жалдау құқығы |
5,175 |
Құс фермасының құрылысы үшін |
БҚО, Тасқала ауданы , Тасқала ауылы, «Тасқала-Орал» тас жолы бойында |
24 012 000,0 |
1440720,0 |
138900,0 |
Аукционға қатысуға өтінімдер беру "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына және "жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады – 2020 жылдың 3 маусымнан - 17 маусымға дейін сағат 12:00 ( Нұр-сұлтан уақыты) аяқталады, Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса));
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (телефон 871139 22525,40047, e-mail: zemtaskala@mail.ru).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы: "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ; БИН: 050540004455; КНП: 171; Кбе: 16.
"Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК); KZ946017111000000330; БИК:HSBKKZKX.
Төлемнің мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.