Мереке ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы- 1 бірлік (тұрақты)
Үміткерлерге қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "қызмет көрсету" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе арнаулы орта білімі болуы тиіс;
Лауазымдық міндеттері: кітапхана үдерістерін орындайды: кітап қорын толықтыру, кітап қорын өңдеу және каталогтау, каталогтарды және анықтамалық-библиографиялық аппараттардың басқа да элементтерін ұйымдастыру және пайдалану, автоматтандырылған мәліметтер қорын жүргізу және пайдалану, қорларды есепке алу, ұйымдастыру және сақтау, оқырмандарға қызмет көрсету, көпшілік жұмыс;
Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың іс-шаралар жоспарларын жасауға және оны жүзеге асыруға қатысады, кітап қорының сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс:
ҚР конституциясын;
Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын;
Кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестелерін, кітап қорын толықтыруды, есепке алуды, кітап қорларын сақтауды ұйымдастыру сипаттамаларын жасауды және каталогтауды жүргізуді, оқырмандармен көпшілік және жеке жұмыс жасау түрлері мен әдістерін, баспа өнімдерін көрнекі насихаттауды, отандық және шетел кітапханалардың жұмыс тәжірибелерін.
Қажетті құжаттар тізімі: конкурсқа қатысу туралы өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (мекен-жайы, телефоны міндетті түрде көрсетілуі тиіс);фотосурет 3х4 - 1 дана; білімі жөніндегі диплом (нотариуспен расталған көшірмесі); еңбек кітапшасының көшірмесі; медициналық куәландыру туралы анықтама немесе медициналық кітапша (түпнұсқа).
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы С. Жақсығұлов көшесі 5А. Анықтама телефон/факс: 8 (71139) 21199.