Тасқала ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында комиссия төрағасының орынбасары Азамат Қадыржанұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына Тасқала ауданының тиісті мекеме басшылары және комиссия мүшелері қатысты.
Комиссия отырысында С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ-нің директоры Гүлмира Ақадилқызының С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ-нің оқушыларымен, соның ішінде «тәуекел тобында» есепте, мектепішілік бақылауда тұрғандармен жұмысы туралы баяндамасы, аудандық аурухана директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Нүрия Мәдиқызының балалар арасында кездесетін жарақаттану жағдайларына жүргізілген мониторинг бойынша есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлер арасында кәмелетке толмаған балаларға электронды темекіні сатпау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы Эльдар Батырұлына тапсырма берілді.
Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасының орынбасары Азамат Қадыржанұлы жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін олардың құқықтарын қорғалуын жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.