2022 жылы ІІІ тоқсанында аудан әкімі Б.Айтмағамбетовтың Тасқала ауданының тұрғындарымен өткізілген кездесулерінде көтерілген проблемалық мәселелерді орындау іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

 

2022 жылы ІІІ тоқсанында аудан әкімі Б.Айтмағамбетовтың Тасқала ауданының

тұрғындарымен өткізілген кездесулерінде көтерілген проблемалық мәселелерді орындау іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат  

 

№

Іс-шараның атауы

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Ауданның елді мекендерінің электржүйесіне қысқа дейін ағымдағы жөндеу жүргізу (электржелісін тарту, автомат қою, бағана ауыстыру, бағана қою, түзету, трансформатор жөндеу)

Жұмыс үстінде. Аудандық электростанция қызметкерлерімен Амангелді, Қосшы, Мерей, Мереке (Бөбенесті есептемегенде), Достық (Ақкүтір бағытын есептемегенде),  Тасқала, Шежін ауылдық округтіренде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2.

Аудан бойынша трансформаторларды қоршау

Жұмыс үстінде. Шежін ауылдық округінде толық қоршалған. Амангелді ауылдық округінде барлығы 6, қазіргі уақытта 4 трансформатор қоршалды, 2 трансформаторды қоршау жұмыстары жүргізілуде. 1-Шежін ауылында 2 трансформатор, соның 1-і қоршалды. Қазақстан а/о: Атамекен ауылының трансформаторларын қошауға торларын алып қойды, бағаналарын алу керек. Қоршау жұмыстары қыс мезгіліне дейін аяқталады. Бастау ауылында трансформатор қоршалды. Қосшы а/о 2 трансформатор қоршалды.

3.

Елді мекендерде АШӨК құру, малды толық АШӨК біріктіру, құрылған АШӨК  жұмысын жандандыру, реттеу

Жұмыс үстінде. Амангелді ауылында  2 және 1-Шежін ауылында 2 АШӨК жұмыс жасайды. Достық ауылдық округінде АШӨК құрылып, жұмыс жасауда. Шежін а/о 5 АШӨК құрылған. Қосшы а/о 2 АШӨК құрылды.

4.

Елді мекендерде мал бағымын ұйымдастыру, малы қараусыз жүрген мал иелерін жауапкершілікке тарту

Жұмыс үстінде. Амангелді: округте мал бағымы АШӨК арқылы ұйымдастырылған Амангелді ауылында 2 бағытта және 1-Шежін ауылында 1 бағытта бағылады. Қараусыз жүрген мал жоқ. Қазақстан, Достық, Қосшы  а/о ұйымдастырлған. Шежін а/о мал 3 бағытқа бағылуда. Қараусыз жүрген мал иелерін жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.

5.

Елді мекендерде аула, аула аумағын, саябақтарды, елді мекен көшелерінің тазалығын бақылауға алу, абаттандыру жұмыстарын жүргізу

Жұмыс үстінде. Амангелді, Достық, Шежін, Қосшы ауылдық округтерінде аула аумағын, саябақтарды, елді мекен көшелерінің тазалығын бақылауға алу, абаттандыру жұмыстары әр дайым бақылауда тұр. Қазақстан а/о апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылуда.

6.

Аудандық полиция бөлімімен, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен бірігіп заңсыз алкоголь өнімін сатуға тыйым салу мақсатында рейд ұйымдастыру

Жұмыс үстінде. Округтерде  учаскелік полициямен бірлескен рейдттер үнемі жүргізіліп тұрады. Аманг, Кз, Д, Шежін, Қосшы.

7.

Ауылдарда барлық малды бірдейлендіру жұмысын жүргізу

Жұмыс үстінде.

8.

Ауылдарда бұралқы иттерді жою бойынша жұмыс жүргізу

Жұмыс үстінде

Ақтау ауылдық округі

9.

Ақкүтір ауылына дейін жолды тегістеу, көпірді қалпына келтіру

Орындалды.  Ақкүтір ауылына дейінгі жолды тегістеу жұмыстары аудандық маңызы бар автожолдарды жыл бойына күтіп ұстау жұмыстарының жоспарына сәйкес жүргізілді.

10.

Ақкүтір ауылына интернет тарту

Жұмыс үстінде. «Востоктелеком» ЖШС өз міндеттемелерін орындау мақсатында 2022 жылдың аяғына дейін нүкте – көпнүкте жүйесі бойынша интернет өткізуді жоспарлап отыр

11.

Ақкүтір ауылына жас отбасыларын көшіріп, халық санын арттыру

Жұмыс үстінде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

12.

Қызылбас ауылы аймағында күнбағыс алқаптарының қасында ара шаруашылығын дамыту жолын қарастыру

Жұмыс үстінде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ара шаруашылығымен айналасуға жеке түрғындар мен кәсіпкерлерден  ұсыныс түспеген.

13.

Қыс мезгілінде Қарой ауылына дейін жолды уақытылы қардан тазалау

Жұмыс үстінде. Бақылауға алынды.

14.

Қарой ауылында ІҚМ жайылатын жайылым көлемін арттыру

Жұмыс үстінде. 2021-2022жж бекітілген жайылымды басқару жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

15.

Ақтау ауылындағы апаттық жағдайда тұрған жоғары қуатты электржелісін қалпына келтіру мәселесін жеке қатаң бақылауына алсын.

Жұмыс үстінде. Бақылауға алынды

16.

Ақтау ауылында мал жайылымы аз, ұлғайту қажет

Жұмыс үстінде. 2021-2022жж бекітілген жайылымды басқару жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

17.

Ақтау ауылында мал суаруға су жеткіліксіз

Жұмыс үстінде.

18.

Ақтау а. учаскелік инспектордың үнемі ауылда болуы

Жұмыс үстінде.

19.

Ақтау мектебінің шатырын жөндеу

Жұмыс үстінде. БҚО білім басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Қаражат бөлінген жоқ.

Амангелді ауылдық округі

20.

І Шежін ауылында дүкен ашу мәселесін қарасын

Орындалған жоқ. Ауылымыздың барлық кәсіпкерлерімен сөйлесілді, 1-Шежін ауылынан дүкен ашу тиімсіз екендігін анықталды.

21.

І Шежін ауылының аз қамтылған отбасыларына төмен бағамен шөп жеткізуді ұйымдастыру

Жұмыс үстінде. «Сапенов» ШҚ аз қамтылған А.Хабибуллинаға 13 рулон, жалғыз басты ана К.Узакбаеваға 13 рулон шөппен көмек көрсетті.

22.

І Шежін ауылында АШӨК мүшелерінің жиналысын ұйымдастырып, қажет болса төрғасын қайта сайласын.

Орындалды. 1-Шежін аулының АӨШК мүшелерінің жиналысы ұйымдастырылды, төрағасы А.Сундеткалиев қайта сайланды.

23.

І Шежін ауылында балалар ойын алаңын жаңарту

Орындалды. І-Шежін ауылына балалар ойын алаңы 2022 жылғы тамыз айында  орнатылды.

24.

Шөп бағасын белгіленген мөлшерден жоғары көтермеуін қадағаласын

Орындалды. Биыл шөп бағасы 1 рулон шөп 5500 теңгеден деп бекітіліп, сол бағада сатылды.

25.

Тұрғындарға Амангелді ЖББОМ жөндеу кезінде оқу процесінің жүретін тәртібін түсіндірсін

Орындалды. Тұрғындарға мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі туралы хабарланды.

26.

Учаскелік инспектордың округ аумағында болуын қамтамасыз етсін. Аудан орталығынан учаскелік инспекторлар жіберіп рейд жүргізсін

Орындалды. 12.09.2022 ж. күні округке жаңадан Н.Имашев учаскелік инспектор тағайындалды

27.

Амангелді ауылындағы орталықтандырылған кәріз жүейсінің теңгерім ұстаушысын анықтау

Жұмыс үстінде. Амангелді ауылындағы орталықтандырылған кәріз жүейсінің құжаттары рәсімделуде

28.

Балалар ойын алаңының сапасын, қауіпсіздігін қадағаласын

Орындалды. Балалар ойын алаңы құрылды сапасы жақсы, қауіпсіздігі бақылаунуда

29.

Округ бойынша жұмысшы жетіспеу мәселесін шешу жолдарын қарастыру (оңтүстік қазақстан облысынан ниет білдірген отбасыларын көшіру)

Орындалды. Жұмысшылар жеткілікті, қажет етілмейді.

30.

Алма бағында ағаштарды тамшылатып суаруды енгізу, ағаштарды кесу, Каримов ЖК-не басқа да жеміс жидек ағаштарын егуді қарастыруды ұсынсын

Жұмыс үстінде. Алма бағында ағаштары өзен суымен суары қамтамасыз етілді. Күтіп баптау жұмыстары жүргізілді.

31.

Бау-бақты сенімгерлік басқаруға беру жолын қарастыру

Жұмыс үстінде. Бау-бақты сенімгерлік басқаруға беру жолдары қарастырылуда

Достық ауылдық округі

32.

Бастау а. мектеп қабырғасының кірпіштері құлаған жерлерін майлап, әктеп қалпына келтіру

Орындалды

33.

Бастау ауылында М.Исагалиевке өзен жағасында бақша егуге жер телімін қарастыру

Жұмыс үстінде.

34.

Бастау ауылында көкөніс сақтау қоймасын салу мүмкіндігін қарастыру

Жұмыс үстінде. Бастау ауылында көкөніс сақтау қоймасын салу кәсіпкерліктерден ұсыныс түспеген.

35.

Ынтымақ ауылында мектепті сақтап қалу үшін тұрақты ауылда тұратын мектеп жасындағы, мектепке дейінгі балалар санын арттыру жолдарын қарастырсын

Жұмыс үстінде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

36.

Ынтымақ ауылына дейін жолды жөндеу (засыпка опокой)

Орындалған жоқ. Қаражат тапшылығына байланысты

37.

Ынтымақ ауылында ұялы байланыс сапасын арттыру, интернет өткізу

Жұмыс үстінде. «Востоктелеком» ЖШС өз міндеттемелерін орындау мақсатында 2022 жылдың аяғына дейін нүкте – көпнүкте жүйесі бойынша интернет өткізуді жоспарлап отыр

38.

Достық ауылында учаскелік полициялық пункт ашу

Орындалды

39.

Достық ауылында суға шомылу-демалыс орнын ұйымдастыру

Орындалған жоқ.

40.

Достық ауылында балалар ойын алаңын жаңарту

Жұмыс үстінде

41.

Достық ауылында мал бағуға жер телімін бөлу, пайдаланбайтын жерді қайтару мәселесін қарастыру

Жұмыс үстінде. 2021-2022жж бекітілген жайылымды басқару жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

42.

Ауылдық округ әкімі аппараты орналасқан ғимаратын балабақшаға бейімдеу мәселесін қарастыру

Жұмыс үстінде

43.

Достық ЖББОМ еңбек кабинетін ашу (акт зал жасап қойған)

Жұмыс үстінде. 2023 жылға жоспарланған.

Қазақстан  ауылдық округі

44.

Жаиков Мирасқа бақшасын кеңейтуге көмектесу

Жұмыс үстінде. Болашақта Жаиков Мирасқа бақшасын кеңейту жолдары қарастырылуда

45.

Атамекен ауылына кіре-беріс жолдағы жол белгісін ауыстыру, немесе қалпына келтіру

Жұмыс үстінде. Жоспарға енгізілді

46.

Қалмақшабын, Атамекен ауылдарында шөп шабу және жайылым жерлерге түгендеу жүргізіп, қосымша тұрғындарға жер телімін анықтап беру

Жұмыс үстінде

47.

Бисенбаева Мирамгульді Ынтымақ ауылына көшіру жолын қарастыру, үйіне газ өткізу жолын қарастыру

Орындалды. М.Бисенбаеваға Атамекен ауылынан ведомостволық үй берілді, баласы мектепке барып жүр.

48.

Атамекен ауылына өрт сөндіру техникасы қажет

Жұмыс үстінде

49.

Тұрғын үй құрылысы қажет жастарға

Жұмыс үстінде. Тұрғын үй құрылысын салуға өтініштер түскен жоқ. Болашақта жоспарға енгізіледі.

50.

Атамекен ауылында интернет сапасын арттыру

Жұмыс үстінде.  Атамекен ауылында билайн операторы 4G байланысымен қамтамасыз ету мақсатында қажетті құрылғылырады орнатты

51.

Атамекен ауылы жанындағы бөгетті жыл сайын жөндейді, соны жауып тастауға бола ма, қаражат бөле бергенше

Орындалған жоқ. Атамекен ауылындағы бөгетті жауып тастауға болмайды себебі көктемгі уақытта су өтеді, жазғы мезгілде су тапшылығы болмас үшін бөгетке су жинап алады.

52.

Атамекен ауылында барлық иттерді есепке алып, құжаттандыру жұмыстарын жүргізсін

Орындалды. Ауыл тұрғындарына иттерді құжаттандыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

53.

Атамекен ауылында мәдени шаралар ұйымдастырып өткізу

Жұмыс үстінде. Атамекен ауылдық мәдениет үйінің жылдық жоспары әкім аппаратына ұсынылды, жоспар бойынша іс – шаралар өтіп жатыр.

54.

Атамекен ауылында газ трубаларын сырлау

Жұмыс үстінде

55.

Шөп тасығанда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Орындалды. Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

56.

Атамекен ауылындағы кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін қалпына келтіру

Жұмыс үстінде. Кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін қалпына келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

57.

Атамекен ауылына ауданнан тыс жерден мал кіргізу фактісін болдырмау мақсатынды тиісті шаралар алу

Жұмыс үстінде. Қазіргі уақытта тыс жерлерден мал кіргізу фактілері анықталған жоқ, ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

58.

Атамекен ауылына заманауи балалар ойын алаңын қою

Жұмыс үстінде.2023 жылға жоспарға енгізілді.

59.

Ардагерлер және аналар кеңестерімен тығыз жұмыс жасап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жұмыс үстінде. Ардагерлер мен аналар кеңесімен тығыз жұмыс жасалып жатыр.

Қосшы ауылдық округі

60.

Шөп бағасын тұрақтандыру

Жұмыс үстінде. Шөп бағасы тұрақты.

61.

Кеңжайлау ауылының тұрғындарымен жиналыс өткізіп, газ өткізу мәселесін талқыласын. Тұрғындар келісіп, толық хаттамаға қол қойған жағдайда, тұрғындар арасынан бір жауапты адамды белгілесін

Орындалды. Кеңжайлау ауылының тұрғындарымен жиналыс өткізіп, газ өткізу мәселесін талқыланды. Тұрғындар келісіп, толық хаттамаға қол қойды. Тұрғындар арасынан бір жауапты адамды белгіленді.

62.

Қаражат жинауды ұйымдастыру, газ өткізу мәселесін қатаң бақылауға алу

Орындалды. Қаражат жинауды ұйымдастырылып, газ өткізу мәселесін қатаң бақылауға алынды.

63.

Оян ауылына интернет тарту

Жұмыс үстінде. «Транстелеком» АҚ тұрғындарды интернетке қосу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта 8 абонент қосылды

64.

Оян орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу

Жұмыс үстінде. 2023-2024 жж жоспарлануда.

Мерей ауылдық округі

65.

Айнабұлақ ауылында балалар ойын алаңына смета жасау

Орындалды.

66.

Айнабұлақ ауылында интернет қосуға ниет білдірген тұрғындардың тізімін жасау

Орындалды.

67.

Айнабұлақ негізгі мектебін күрделі жөндеу

Жұмыс үстінде. 2023 жылға сметалық құжаттамасын дайындауға демеушілік қарастырылуда.

68.

Айнабұлақта мәдениет үйнің құрылысы

Жұмыс үстінде.

69.

Айнабұлақ жолын тегістеу

Орындалды.

70.

Мақсот Данашевқа жер алуға және ескі техника сатып алуға көмек беру

Жұмыс үстінде. 2023 жылға бақылауға қойылды.

71.

Мерей орта мектебінен шыққан құрылыс материалдың ұрланып кетуіне жол бермеу

Үнемі бақылауда.

72.

Мерей, Айнабұлақ ауылдары аймағында малды қараусыз жүруін болдырмау мақсатында тиісті шаралар алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Орындалды. Рейдтік жұмыстар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

73.

Аққайнар ауылында су ұңғымасын (башнясын) жөндеу

Орындалды.

74.

Аққайнар ауылы ішінде газ трубаларын түзету, сырлау, қалпына келтіру

Орындалды.

75.

«ҚазтрансГазАймақ» АҚ  Өркен ауылына газ өткізу және ЖСҚ сараптамадан өткізу жөнінде келісім сөз жүргізу

Жұмыс үстінде.

76.

Өркен ауылына дейін қыс мезгілінде уақытылы жолды қардан тазалау

Бақылауға алынды.

77.

Аптасына 2 рет дәрігерлер Өркен, Ақақйнар елді мекендеріне шығып тұрғындарды қабылдау ұйымдастыру (жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі еңбек демалысында болғанда шақыртсақ жедел жәрдем көмегі келмейді)

Орындалды. Бақылауда.

78.

Өркен ауылында шаруа қожалық ашуға мал жайылымы жоқ

Жұмыс үстінде. 2021-2022жж. бекітілген жайылымдарды басқару жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

79.

Тоғайлы ауылында сертификатталған ұялы байланыс дабылын күшейту қондырғысын қондыруға ниет білдірген тұрғындар тізімін жасақтасын.  Сертификатталған ұялы байланыс дабылын күшейту қондырғысын қондыру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жұмыс үсінде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

80.

Өркен ауылына 0,5 штат электрик бөлу

Жұмыс үстінде

81.

Өркен ауылында тұрғындар, балалар санын көбейту қажет (басқа ауылдардан көшіру жолымен)

Жұмыс үстінде. Тиісті шаралар жүргізілуде. Газ мәселесі шешілсе көшіп келетін отбасылар табылды.

82.

Өркен ауылында орын белгілеп, көше жарығын орнату

Жұмыс үстінде. Көше шамдарын сатып алуға мемлекеттік тапсырыс берілді.

Мереке ауылдық округі

83.

«Бұлаққұдық» су ұңғымасына өтуге жол ашу мақсатында шекара қызметіне хат жолдау

Орындалды. Шежін ауылдық округінде орналасқан «Қызылжар» шекара заставасымен ауызша келісім жасалды «Бұлаққұдық» су ұңғысына өтуге алдын ала Мереке ауылдық округі әкімі аппараты өту күнің, адам саның және төл құжаттарын алдын ала хабар беруге.

84.

Жанып кеткен электр бағаналарды ескі су ұнғымасына қою

Жұмыс үстінде. Жанып кеткен электр бағаналарды ауыстыру үшін бағаналар алынды, алайда аудандық (электриктер) мамандар босамауына байланысты жұмыс тоқтап тұр.

85.

Ескі су ұңғымасын жөндеп, қалпына келтіріп, іске қосып резервке қою

Жұмыс үстінде. Мереке ауылының су жүйесін Бұлаққұдық ұңғымасына қосу Коммунадық шаруашылық мекемесі су сорғыш құрылғысын алғаннан кейін жыл соңына дейін шаруашылық негізінде жасалатын болады.

86.

Мереке ауылы аумағында тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Құлап тұрған үйлердің орнын тазалау, трансформаторларды қоршау, газ трубаларын сырлау

Жұмыс үстінде. Мереке ауылы аумағын тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Мекемелер сеңбілік жұмыстарын жүргізіп отырса, қоғамдық жұмысшылар тазалау жұмыстарын жүргізеді. «Мереке» саябағын абаттандыру мақсатында жасақталған сметаға сәйкес толық абаттандыру үшін 14 млн қаражат керек. Қаражат болмағандықтан ішінара абаттандыру жұмыстары маусым айында жүргізілді.

Апаттық жағдайдағы тұрғын үй мәселесін шешу бойынша ауылдағы үйлерге монитооринг жасалды. Бүгінгі күні округ бойынша 24 үй бос тұр. Соның 4 апаттық сипатта. 2 үйдің иелерімен сөйлесілді. 2 үйдің иелері іздестірілуде. Трансформатор қоршалды. Маусым айында Мереке ауылының газ трубаларын сырлау жұмыстары жүргізілді.

87.

Мереке ауылына көше жарығын 1 қыркүйекке дейін орнату

Жұмыс үстінде. Қазіргі таңда Абай көшесіне 15 жарық диодтышам, Қалмақ елді-мекеніне күн сәулесінен қуат алатын 7 шам орнатылды. Мереке ауылының Молдагулова, Құрманғазы, Маметова көшелерінің электр желілеріне  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ол үшін аудандық бюджеттен 8628,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаражатқа 57 баған орнатылып, СИП кабель тартылды. Екі көшенің үйлеріне жаңа кабель тартылды. 15 жарықшам қойылды. Қалған жұмыстар қазан айында жүргізіледі.

88.

Қалмақ ауылында электр бағаналарды орнату немесе  ауыстыру жұмыстарын жүргізу.

Жұмыс үстінде. Қалмақ елді мекенінін бағаналарын ауыстыру бойынша, бағаналар алынды, қазан айында ауыстыру жұмыстары жоспарланып отыр.

89.

Су ұңғымасын қосқан кезде бирден су сүзгіш орнату (фильтр)

Жұмыс сүтінде. Жыл соңына дейін тиісті жұмыстар атқарылады.

90.

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, мердігерге, «Казавтожол» АҚ-на республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жағдайы туралы және жанындағы шөпті шабу қажеттігі жөнінде хат жазу

Орындалды. Хат жолданды.

Тасқала ауылдық округі

91.

Тасқала ауылы Шевченко көшесін қыста уақытылы қардан тазалау

Жұмыс үстінде. Бақылауға алынды

92.

Тасқала а. Береке (Колхозная) көшесінің жолын күрделі жөндеу

Жұмыс үстінде. 2023 жылы ЖСҚ дайындау жоспарлануда.

93.

Тасқала а. Береке, Шевченко, Саябак көшелеріне көше жарығын орнату

Жұмыс үстінде.

94.

Тасқала а. көшелерінде маскүнем адамдарды болдырмау мақсатында ұдайы түрде рейд ұйымдастыру

Орындалы. Жұмыстар жалғасуда.

95.

Тасқала а. Шевченко көшесінде волейбол алаңына құм төсеу, қатты тұрмыстық қалдық салатын контейнер орнату

Жұмыс үстінде. Қатты тұрмыстық қалдық жинаушы кәсіпкерге Шевченко көшесіндегі аулалардан жинап шығару ұсынылды.

96.

Тасқала а. Шевченко көшесіне ауылішілік маршрутпен жүретін көлік жіберу 

Жұмыс үстінде. 2023 жылға жоспарланған

97.

Тасқала а. Шевченко көшесінде және элеватор ауданында газ трубаларын ретке келтіру

Орындалды.

98.

Тасқала а. Ахметкалиева к.  балалар ойын алаңынын қасында және Жеңіс к. 16 және 18 үйлердің аулаларына кіре-берісінде жасанды жол кедергісін орнату

Жұмыс үстінде. Жасанды жол кедергілері бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар, яғни мектеп пен балабақша қасына орналастырылған болатын. Ал Жеңіс көшесі 16 және 18 үйлердің айналасына жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісі орнатылды. Алдағы уақытта қаражат бөлінген жағдайда, көрсетілген жерлерге жасанды жол кедергілері орнатылатын болады.

99.

Тасқала а. Ахметкалиева көшесі 16 үйде свет қосу (көпбалалы ана)

Орындалды

100.

Тасқала а. Береке к. соңында жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару

Орындалды

101.

Тасқала а. Шевченко к. балалар ойын алаңын орнату

Орындалған жоқ.

102.

Тасқала а. мал жайылымы жоқ. Ауыл аумағында шаруашылықтарға берілген жерлерді жайылымға қайтару қажет. Ауыл аумағындағы жерлерге түгендеу жүргізу

Орындалған жоқ. Игерілмей, бос жатырған жерлер анықталған жоқ

103.

Тасқала а. шөп бағасын төмендету, төмен бағамен шөп сату туралы шаруа қожалықтармен меморандум жасау, төмен бағамен шөп алатындар тізімін жасақтап, басқа округтерде өтінім беру

Орындалды.

104.

Тасқала а. мал бақташысы мал бағуға 1 бас ІҚМ 3,5 мың теңгеге бағасын көтеріп отыр. Мәселені реттеу қажет

Орындалды. Тасқала ауылы бойынша 4 бағытта мал бағу ұйымдастырылды. 1 мал басына бағасы 2,5 мың теңге.

105.

Тасқала ауылы Жеңіс көшесінің су құбырын орталықтандырылған су құбырына қосу

Жұмыс үстінде. Тұрғындарға өз қаражаттары есебінен орталықтандырылған су желісіне қосылу қажет екендігі түсіндірілді.

106.

Тасқала а. ескі Сәулет шағын ауданында көше атауын беру

Жұмыс үстінде

107.

Тасқала а. шаруа қожалықтармен келісіп жылқы бағуға жер қарастыру

Жұмыс үстінде

108.

Тасқала а. аспалы көпірлерді тазалап, шөбін шауып, жарық орнату. Жақсығұлов ш/а, Лермонтов және Ломоносов көшелерінің шөбін шабу. Элеватор ауданында балалар ойын алаңын орнату. Мәселе толық қайталанбайтындай толық реттеу.

Жұмыс үстінде. Халықтар Достығы және Иржанов көшелеріндегі көпірлер жөнделді. 1 көпірді жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер анықталды. Жұмыстар қазан айында жүргізіледі. Сенбіліктер ұйымдастырылып, шөптері тазаланып, қоқыстары жиналды.

109.

Тасқала а. Жеңіс көшесі 16, 18 үйлерде кәріз жүейсінен суы далаға ағып жатыр, жағымсыз иіс шығуда. Тапсырма:  кәріз жүейсінен суды шығару жолын қарастыру

Жұмыс үстінде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

110.

Тасқала а. Жеңіс көшесі 16, 18 үйлерде кәріз жүейсінің жинақтау бөшкесінің көлемі аз екі күн сайын шығару керек, қымбатқа түседі. Үлкеніне аустыру қажет.

Орындалған жоқ. Қомақты қаражат талап етуіне байланысты кәріз жүйесінің жинақтау бөшкесін ауыстыруға мүмкіндік болмай отыр.

111.

Тасқала а. Жеңіс, Скоробогатова көшеде және Сәулет шағын ауданында автомашиналардың жарысып жылдамдықты асырып жүруін алдын алу үшін рейд, патрулирование жүргізу. Жасанды кедергіні орнату бойынша мүмкіндігін қарастыру.

Жұмыс үстінде. Рейд, патрулирование жүргізілуде.

112.

Тасқала а. Жеңіс көшесіндегі саябақты, балалар ойын алаңын  қалпына келтіру

Жұмыс үстінде

113.

Тасқала а. көшелерін және өзен жағасын тазалау бойынша сенбіліктер ұйымдастыру

Жұмыс үстінде

114.

Тасқала а. Жеңіс көшесі 16, 18 үйлерінде, Скоробогатов көшесінде,  Жаксығұлов шағын ауданында, элеватор ауданында, Б.Момышұлы көшесінде электржарығы жиі сөнеді, басқа трансформаторға ауыстыру, мәселені шешу.

Орындалған жоқ.

115.

Тасқала а. Жеңіс көшесі 16, 18 үйлерде интернет сапасын арттыру

Жұмыс үстінде. «Қазақтелеком» АҚ қазіргі уақытта қажетті құрылғыларды іздестіруде.

116.

Тасқала а. Жеңіс көшесі 16, 18 үйлерінде жылыту жүйесін, еден асты жылыту жүйесіне ауыстыру мүмкіндігін қарастыру. Генератор қою.

Жұмыс үстінде. Аталған үйлерге трансформатор сатып алынды. Орнату жұмыстары жыл соңына дейін жүргізіледі.

117.

Тасқала а. Жеңіс көшесі 16, 18 үйлерінің коммуналдық төлемдер төлемейтін, үйлерін күтіп-ұстамайтын тұрғындарды шығару жолын қарастырсын. Комиссия құрып тексеріс жүргізу

Жұмыс үстінде. Казіргі таңда тұрғын үйді күтіп ұстау бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

118.

Тасқала а. Жеңіс көшесі 16, 18 үйлерінің шатыры мен жертөлелерін тазалау (тышқандардан)

Жұмыс үстінде. Тышкандарды улау үшін Тасқала аудандық санитарлық – эпимиалогиялық депатаментімен келіссөздер жүгізілуде.

119.

Тасқала а. Жеңіс көшесінде және Жаксығұлов шағын ауданында қараусыз жүрген мал мәселесін шешу

Жұмыс үстінде

120.

Тасқала а. Жеңіс көшесінде Бөбек балабақшасы қасында трансформаторды жөндеу, немесе ауыстыру, жиі істен шығады

Жұмыс үстінде

121.

Тасқала а. Жеңіс көшесі 16, 18 үйлерін тексеріп жылыту жүйесін қыс мезгіліне дайындық жүргізсін

Жұмыс үстінде. Бүгінгі күні жылыту қазандықтарын тазалау бойынша «ГарантПромСервис» ЖШС келісім шарт жасалды. Қазандықтарға қарау жұмыстары жүргізілуде.

122.

Тасқала а. Мира және Жангиров көшелеріне асфальт төсеу

Жұмыс үстінде. Алдағы жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақталатын болады.

123.

Тасқала а. Мира және Жангиров көшелеріне көше жарығын орнату

Жұмыс үстінде. Ескірген шамдар аустырылды

124.

Тасқала а. Скоробогатов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын төсеу

Орындалған жоқ

125.

Тасқала а. Скоробогатов көшесінде балалар ойын алаңын жаңарту, абаттандыру және басқа жерге ауыстыру, газ труба астында орналастырылған

Жұмыс үстінде, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

126.

Тасқала а. Скоробогатов көшесінде автокөлік жылдамдығын шектейтін жол белгісін орнату

Жұмыс үстінде. Жыл соңына дейін орнатылады.

127.

Тасқала ауылында ең әдемі аула, абаттандырылған көше конкурсын ұйымдастыру

Жұмыс үстінде

128.

Тасқала а. Скоробогатов көшесінің соңында смола толған шұңқырды бітеу

Жұмыс үстінде.

129.

Первомайское көшесінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау

Жұмыс үстінде

130.

Первомайское көшесінде трансформаторда автомат ауыстыру

Жұмыс үстінде

131.

Панфилов көшесіне көше жарығын орнату

Орындалды. Қосымша 2 көше шамы орнатылды.

132.

Панфилов көшесіне балалар ойын алаңын орнату мүмкіндігін қарастыру

Жұмыс үстінде

133.

Электржелісіне тиіп тұрған Чурилина 14 үйде үлкен ағашты кесу

Жұмыс үстінде

134.

Игілік 9 мекен жайындағы бос тұрған екі пәтерлі үйдің екіншісін көршілеріне беру мүмкіндігін қарастырсын

Жұмыс үстінде

135.

Аманжолов көшесіндегі үлкен теректі кесіп тастау. Жалпы элеватор аумағын тексеріп, қажет болған жағдайда теректерді кесуді ұйымдастыру

Жұмыс үстінде

136.

Көпқабатты тұрғын үй ауласына асфальт немесе щебенка төсеу

Жұмыс үстінде. Қаражат көзі қарастырылуда.

137.

Элеватор аумағындағы үйлерді жаңғырту жұмыстарын жүргізу

Жұмыс үстінде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

138.

Электростанция артындағы бөгетті жөндеу

Жұмыс үстінде. ЖСҚ дайындалды

139.

Е. Нетказиев ІҚМ ұстайды, Мукашев 300 бас қой ұстайды, мал иісі ауылға келеді. Ауыл аумағында қанша басқа дейін мал ұстауға болады. Далаға шығару керек көп малды. Оның үстіне Нетказиевқа қызыл аймақтан жер бөлініп отыр. Көп малын далаға шығару керек. Мәселені толық зертеп, заңнама талаптарына сәйкестендіру

Жұмыс үстінде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

140.

Жаксығұлов шағын ауданында қосымша көше шамдарын орнату

Жұмыс үстінде. 15 ескі шам жаңа шамға ауыстырылды.

141.

Жаксығұлов шағын ауданында СИП кабель жерде жатыр. Реттеу қажет.

Орындалды.

142.

Жаксығұлов шағын ауданында дүкен ашу

Жұмыс үстінде.  Бүгінгі күнге  Жаксығұлов шағын ауданында дүкен ашуға ниет білдірушілер жоқ.

143.

Тасқала ауылынан шыға берісте Республикалық трасса бойында  автокөлікті сақтандыру қызметін көрсетіп тұрған тіркемелерді алып тастау

Жұмыс үстінде

144.

Жаксығұлов шағын ауданында қыста жолды қардан тазалау

Жұмыс үстінде. Бақылауға алынды

145.

Жаксығұлов шағын ауданының қиылысында кішкентай труба салынған су өтіп үлгермейді көктемде.

Орындалды.  Көктем мезгілінде еріген қар суы сақиналардан ағып үлгермеген жағдайда су сорғыш құрылғылармен жүргізілетін болады.

146.

Жаксығұлов шағын ауданында аулаларды және аула аумағын тазалау

Жұмыс үстінде

147.

Жаксығұлов шағын ауданында волейбол, баскетбол, варкаут орнату

Орындалған жоқ

148.

Жаксығұлов шағын ауданы бойында трассаны кесіп өтетін жаяу жүргіншілер жолын жасау

Жұмыс үстінде. 2023 жылы орындау  мүкіндігі қарастырылады.

149.

Жаксығұлов шағын ауданында автокөлік жүру жылдамдығын шектейтін жол белгісін орнату

Жұмыс үстінде. Жыл соңына дейін орнатылады.

150.

Жаксығұлов шағын ауданында үлкен жүк көліктері жүреді прицеппен, рейд жүргізу

Орындалды. Жалғасуда

151.

Бірлік ауылында құдыққа дейін жолды жөндеу (опока төсеу)

Жұмыс үстінде.

Шежін ауылдық округі

152.

Талдыбұлақ ауылына КБМ қондырғысын қою мүмкіндігін қарастыру

Жұмыс үстінде

153.

Тасқала ауылына қол жетімді бағамен шөп жеткізуді ұйымдастыру

Орындалды. Тиімді бағамен 3000 теңгеден 1000 дана шөп жеткізілді

154.

ІІ Шежін ауылында су ұңғымасы жөнделгенге дейін ауыз су жеткізуді ұйымдастыру

Жұмыс үстінде.

155.

Жылына екі рет су ұңғымаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу, су сорғыштарды алып шығып, тазалау жұмыстарын жүргізу

Жұмыс үстінде

156.

Шежін ауылдық округінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарды және «Қызыл ай» ұйымының жүргізіп жатырған жұмыстарын бақылауға алу

Орындалды. «Қызыл ай» қоғамдық ұйымының демеушілігімен Шежін ауылына бөгет салынды.

157.

Қыркүйек айының соңына дейін ІІ Шежін ауылының ниет білдірген тұрғындарының үйіне интернет қосу жұмысын аяқтау

Жұмыс үстінде.

158.

Тұрғындар арасында интернет қосу, пайдалану тәртібі, тариф төлеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Орындалды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

159.

Жаңа сү ұңғымасын ескі су ұңғымасының қасынан қазу мүмкіндігін қарастыру

Орындалды. Жаңа ұңғыма қазылды.

160.

ІІ Шежін ауылында үнемделген қаражат есебінен раскол жасау (купка салуға мемлекеттік сатып алуды ұтып алған кәсіпкерді сотқа берген)

Орындалған жоқ. Қой тоғыту алаңын салуға ЖК «Іңкәр» жеңімпаз атанып, жұмысын орындамады. Біржақты келісімшарт бұзылды. ПП 4, п19, ст 43 мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес. Екінші рет мемлекеттік сатып алу порталына шықты.  Мемлекеттік сатып алуға мердігер  шықпады. Келісімшарт жасалған жоқ.

161

Карменовтың 125 жасқа толуына орай ІІ Шежін ауылында бюст, немесе ескерткіш орнату жолын қарастыру

Жұмыс үстінде.

 

 

 

Дата публикации
05 октября 2022