2022 жылдың ІІ тоқсанында Тасқала ауданының әкімі Б.Е.Айтмағамбетовпен кездесуде тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді орындау іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
|
№ |
Проблема мәні |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1 |
Барлық елді мекендерде электржүйесін тексеріп, жөндеуді қажет ететін жұмыс көлемін анықтау (бағана ауыстыру, түзету, перетяжка жасау, трансформаторларды жөндеу, ауыстыру т.б.). Жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесін жасап, тиісті шаралар алу |
Жұмыс үстінде. Аудан бойынша Амангелді, Бірінші Шежін, Оян ауылдарында электртарату жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалмақ елді-мекеніне күн сәулесінен қуат алатын 7 шам орнатылды. Оян ауылында 5 бағана ауйыстырылды. |
|
2 |
Елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауды ұйымдастыру. Мал қиын бөлек жинау. Пластик, әйнек қалдықтарды бөлек жинайтын оператор анықтап, арнайы орын белгілеу. |
Жұмыс үстінде. Тасқала ауылындағы мекемелерге қағазды бөлек жинау үшін контейнарлер таратылды. Басқа түрлі тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауды ұйымдастыру мақсатында тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізілуде. Оян ауылында оператор анықталды. |
|
3 |
Егін егу жұмыстары аяқталғаннан кейін шаруа қожалық басшыларымен кездесіп электр бақташы орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Жұмыс үстінде. 2022 жылдың маусым айында «Арай» ш/қ басшысы 23 км дәнді-дақылдар егінін «Электрбақташымен» қоршады. Жыл соңына дейін «Жулдыз», «Ерлан» ш/қ 30 км егінді қоршауды жоспарлауда. Ақтау ауылында қоғамдық бақшаның бір бөлігіне 160 метр электро қоршау орнатылды. |
|
4 |
Ауыл тұрғындарының бойдақ малын бағуға ауылдан алшақ жерден АШӨК жер бөлу |
Жұмыс үстінде. |
|
Ақтау ауылдық округі |
||
|
5 |
Ақкүтір ауылына интернет тарту |
Жұмыс үстінде. «Востоктелеком» ЖШС жыл соңына дейін интернет өткізуді жоспарлап отыр |
|
6 |
Ақкүтір ауылындағы бөгетті жөндеу |
Жұмыс үстінде. Ақкүтір ауылындағы бөгетті жөндеу жұмыстарын шаруашылық тәсілмен жүргізу жолдары қарастырылуда |
|
7 |
Қыс кезінде Ақкүтір ауылының жолын қардан сапалы тазалау, әсіресе қар басып қалатын үш жерді |
Жұмыс үстінде. Бақылауда |
|
8 |
Ақкүтір ауылында мәдени шаралар ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. 3 маусым күні «Ауылым-әнім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. |
|
9 |
Ақкүтір ауылына газ тарту үшін алдын ала шамамен қажетті қаражат сомасын есептеп анықтау |
Орындалды. Ақкүтір ауылына газ тарту үшін алдын ала есеп бойынша шамамен қажетті қаражат сомасы 50 млн.теңге құрайды. |
|
10 |
Ақкүтір ауылындағы өзенді тазалап, бұлақ көзін ашу |
Жұмыс үстінде. Шаруашылық тәсілмен тарту жолдары қарастырылуда. |
|
11 |
Ақтау ауылында АШӨК жер бөлу |
Жұмыс үстінде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. |
|
12 |
Ақтау ауылына Паниктен қатынайтын жолды жөндеу |
Жұмыс үстінде. Тиімді шешу жолдары қарастырылуда. |
|
13 |
Ақтау ауылына кіре-беріс жолды жөндеу |
Жұмыс үстінде. Ақтау ауылына кіре-беріс жолды жөндеуге мердігер компанияны анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілді. Мердігер болып «ДСК Приоритет» ЖШС анықталды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
14 |
Ақтау ауылы жанындағы екі бөгетті жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жерді рәсімдеу бойынша құжаттар дайындалуда. |
|
15 |
Ақтау ауылының кіре-беріс жолына көше жарығын орнату |
Жұмыс үшін. Құжаттары рәсімделді. Қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Округ әкімі аппаратымен демеушілік көмек арқылы орнату мәселесі қарастырылуда. |
|
16 |
Ақтау ауылына қыста қар тазалайтын арнайы техника алу (угольнигімен) |
Жұмыс үстінде. 2022 жылы аудандық бюджетте қаражат қарастырылмаған, келесі жылға жоспарлануда. |
|
17 |
Ақтау ауылында апаттық жағдайдағы жоғарғы вольтты электржелілерін жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жыл соңына дейін «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС мекемесі жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. |
|
Амангелді ауылдық округі |
||
|
18 |
Бірінші Шежін ауылына дейін 1 км жолды күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. 2023 жылға ЖСҚ дайындау жоспарлануда. |
|
19 |
Бірінші Шежін ауылында дүкен ашу |
Жұмыс үстінде. |
|
20 |
Амангелді орта білім беретін мектебіне жаңа автокөлік алу |
Жұмыс үстінде. |
|
21 |
Амангелді ауылында ауыз су бағасын арзандатуға субсидия бөлу |
Жұмыс үстінде: Тиісті мекемелерге ұсыныс берілді. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы келісімдер алып жұмыстануда. |
|
22 |
Амангелді ауылының ауыз су құбырын газовикке қосу |
Орындалды. |
|
23 |
Амангелді ауылының бес ауыл көшелерін қосымша жарықтандыру |
Орындалды. Бесауылға қосымша жарық орнатылды. |
|
24 |
Амангелді ауылын «Үздік ауыл» конкурсына қатыстыру |
Орындалды. Құжаттар ұсынылды |
|
25 |
Амангелді ауылының Астана көшесінің жолын күрделі жөндеуіне қаражат бөлу |
Жұмыс үстінде. Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып, жоспарға енгізілді. |
|
26 |
Амангелді ауылында сиыр сүтін қабылдайтын пункт ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде. «БРАТ.М» ЖШС-і 30-ға жуық сүтті бағыттағы ІҚМ алып келуді жоспарлауда. |
|
27 |
Амангелді ауылының Гагарин көшесіне «Қазақтелеком» АҚ арқылы интернет тарту (30 үй) |
Жұмыс үстінде. «Қазақтелеком» АҚ техникалық мүмкіндігі жоқ. Амалдарын қарастыруда. |
|
Достық ауылдық округі |
||
|
28 |
Бастау ауылындағы бастауыш мектеп ғимаратын жөндеу |
Орындалды |
|
29 |
Бастау ауылында газ трубаларын түзету, жоқ жерге подпорқа қою |
Орындалды. Подпорка қойылды, трубалар түзетілді |
|
30 |
Бастау ауылында көше жарығын іске қосу |
Жұмыс үстінде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер анықталды. Материал алынды. 10 ЛЭП жөндеуі аяқталған соң жұмыстар жүргізіледі. |
|
31 |
Бастау ауылының үйлерінде электржүйесін (есептегіш құралдарды) қалпына келтіру |
Орындалды. Бастау ауылында барлық үйлерінде есептегіш құралдарының тексеру жұмыстары жүргізілді. |
|
32 |
Достық ауылындағы темір жолдың арғы жағындағы көше жолдарын қардан сапалы тазалау |
Жұмыс үстінде. Бақылауға алынды. |
|
33 |
Мячиннің үйін ауылдық округ әкімдігіне алып беру |
Жұмыс үстінде. Сот шешімімен 22.06.2022 ж. үй иесіз деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, үй Достық ауылдық округ әкімі аппаратының теңгеріміне алынады. |
|
34 |
Достық ауылында газ трубаларын түзету |
Орындалды.. |
|
35 |
Қой шаруашылығын дамытуға жер бөлу |
Орындалған жоқ. Шаруа қожалығы ретінде тіркелмеген. |
|
36 |
Достық ауылына тиіп тұрған егістік жерін қоршау |
Жұмыс үстінде. Шаруа қожалық басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сафлор егілді. |
|
37 |
Достық ауылында ұжымдық бау-бақша егу |
Орындалды. Ұжымдық бау-бақша Бастау ауылында егілді. |
|
38 |
Достық ауылында мал шаруашылығын сүт бағатында дамыту |
Жұмыс үстінде. "Қара-Бура" шаруа қожалығы және көп балалы ана Д.Бектиярова 12 бас сүтті бұзауларды сатып алды. "Джубанышкалиев" шаруа қожалығы 12 бас және «Аманбаев" шаруа қожалығы 16 бас сиырды саууды ұйымдастырды. |
|
39 |
Достық ауылында тазалық жұмысын жандандыру |
Орындалды. Ауыл аймағын тазарту жұмыстарын жүргізу барысында жыл басынан бастап 1900 тонна көң-қоқыс шығарылды. |
|
40 |
Достық ауылында ауыл тұрғындарының малының жайылым жерлерінің шекарасын анықтау |
Орындалды. Шекаралар анықталды. |
|
Қазақстан ауылдық округі |
||
|
41 |
Алмалы ауылы маңынан өтетін жолға автокөлік жылдамдығын 30-40 км/ч шектейтін және «перегон скота» жол белгілерін орнату |
Жұмыс үстінде. Кіре-беріс жолдың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң орнатылады. |
|
42 |
Жер беру конкурсын ашық түрде өткізу |
Орындалды. Шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүргізілуде |
|
43 |
Алмалы ауылында бұралқы иттерді жою |
Жұмыс үстінде. Жыл басынан бері 8 бас ит ауланды. |
|
44 |
Атамекен ауылына дейін 18 км жолдын Шорнияр тұсына көктемгі су тасқыны кезінде су өтетін 2 труба салу |
Орындалған жоқ. Сметада қарастырылмаған. |
|
45 |
Қалмақшабын ауылында «Жәңгір хан» ат. БҚАТУ-дың бос жатырған жерлерін қайтарып алу |
Жұмыс үстінде. |
|
46 |
Қалмақшабын ауылына ұялы байланыс сапасын арттыру |
Жұмыс үстінде. «Түрғындар саны 250 ден кем елдімекендерді байланыспен қамту» жобасына енгізу ұсынылды. |
|
47 |
Қалмақшабын ауылында «Жәңгір хан» ат. БҚАТУ-дың бос тұрған 2 тұрғын үйін тиімді бағамен сатып алуға ықпал ету |
Жұмыс үстінде. Жәңгір хан» ат. БҚАТУ-дың басшысына хат жолданды |
|
48 |
Шаруа қожалықтарына берілген Қалмақшабын елді мекенінің жерлерін қайтарып алу |
Орындалған жоқ. Шаруа қожалық басшылары мен тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
|
49 |
Атамекен ауылының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. |
|
50 |
Атамекен ауылына дейін 18 км жолдың күрделі жөндеуін аяқтау повтор |
Жұмыс үстінде. Жыл соңына дейін аяқталуы жоспарлануда. |
|
51 |
Атамекен ауылында АШӨК ұйымдастырып, жұмысын жолға қою |
Жұмыс үстінде. АШӨК ұйымдастырылып жаңа басшысы тағайындалды. Субсидия алуға және жер алуға конкурсқа қатысуға құжаттар дайындалуда. |
|
52 |
Атамекен ауылында ауыз су сапасын арттыру |
Жұмыс үстінде. Ауыз су сапасының көрсеткіштері нормаға сәйкес. Ай сайын су үлгілерін іріктеу жүргізіліп тұрады |
|
53 |
Атамекен ауылына техникалық су тарту |
Орындалды. Атамекен ауылына техникалық су тартылып ауыл тұрғындары мен мектеп пайдалануда. |
|
54 |
Атамекен ауылына газеттің уақытылы келуін қамтамасыз ету |
Орындалды. Мерзімді баспа уақытылы жеткізілуі жолға қойылды. |
|
55 |
Ақсақалдар кеңесі мен аналар кеңесінің жұмысын жандандыру |
Орындалды. Ақсақалдар және аналар кеңестерінің жаңа құрамы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. |
|
56 |
Атамекен ауылында заманауи балалар ойын алаңын орнату |
Жұмыс үстінде. ЖСҚ жасақталды. 2023 жылғы жоспарға ұсынылды |
|
Мерей ауылдық округі |
||
|
58 |
Айнабұлақ ауылында 2 жыл бұрын салынған футбол алаңына жасанды төсем төсеу, жарық орнату, |
Жұмыс үстінде. ЖСҚ дайын 24 млн теңге қаражат қажет. Қаржы мәселесіне байланысты тоқтатылды |
|
59 |
Айнабұлақ ауылында АШӨК құру |
Орындалды. Сүт бағытындағы АШӨК құрылды |
|
60 |
Айнабұлақ ауылына мәдениет үйін салу |
Жұмыс үстінде. ЖСҚ жасау қажет. Алдын ала ПИР қажетті қаражат сомасы 7 млн.теңге |
|
61 |
Айнабұлақ ауылындағы медпунктты күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінім берілді. |
|
62 |
Айнабұлақ негізгі мектебін күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. Жөндеу жұмыстары жүргізіледі. |
|
63 |
Айнабұлақ ауылының арғы бетіндегі көше жолдарын жөндеу |
Орындалды |
|
64 |
Айнабұлақ ауылында интернет сапасын арттыру |
Жұмыс үстінде. «Транстелеком» АҚ келіссөздер жүргізілуде. |
|
65 |
Айнабұлақ ауылында ұялы байланыс сапасын арттыру |
Жұмыс үстінде. «Түрғындар саны 250 ден астам елдімекендерді байланыспен қамту» жобасына енгізу ұсынылды. |
|
66 |
Өркен ауылында мал суару проблемасын шешу үшін Краснов бөгетін мемлекеттік қорына қайтару |
Жұмыс үстінде Краснов бөгетінің жерге орналастыру жобасына тапсырыс берілді. |
|
67 |
Өркен ауылының көше жолдарымен жамбырлы күндері шаруа қожалықтардың техникаларының жүруіне тыйым салу |
Орындалды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тыйым салынды. |
|
68 |
Өркен ауылында Умиртаев Тимур (ауданда тіркеуде жоқ адамдар, Павлодардан келген) және 1 ауыл тұрғыны ауданнан тыс жерден тіркеусіз мал алып келіп, ауыл тұрғындарының малымен бірге бағып жүр. Сол мәселені реттеу. |
Орындалды Айыппұл салынып, алып келген мал ауданнан тыс шығарылды. |
|
69 |
Өркен ауылында бұралқы иттерді аулау |
Орындалды |
|
70 |
Умиртаев Тимур башнядағы судан малын суарады, суға ақша төлемейді |
Орындалды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, малдарын суаруға тыйым салынды |
|
71 |
Тоғайлы ауылында ұялы байланыс сапасын арттыру |
Жұмыс үстінде. «Түрғындар саны 250 ден астам елдімекендерді байланыспен қамту» жобасына енгізу ұсынылды. |
|
72 |
Тоғайлы ауылында интернет сапасын арттыру |
Жұмыс үстінде. «Транстелеком» АҚ келіссөздер жүргізілуде. |
|
73 |
Тоғайлы ауылында мал қорымын салу |
Жұмыс үстінде 2023 жылдың жоспарына енгізілді |
|
74 |
Тоғайлы ауылында ветеринарлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру |
Орындалды. Ветеринарлық қызмет жүйеге келтірілді |
|
75 |
Тоғайлы ауылының көше жолдарын жөндеу (опока төсеу жөнінде түсіндірілді) |
Жұмыс үстінде. Жол тегістеу жұмыстары жүргізілді. Опока табиғи ресурсын құрылыс материалы ретінде пайдалануға тыйым салынған |
|
76 |
Тоғайлы ауылында медпунктті қоршау |
Орындалды Қоршауы бар, жағдайы жақсы |
|
77 |
Тоғайлы ауылында ауылдық клубты қоршау |
Жұмыс үстінде. Ауылдық клубтың қоршауын жаңарту 2023ж. жоспарға енгізілді |
|
Мереке ауылдық округі |
||
|
78 |
Мереке ауылының көшелерін жарықтандыру |
Жұмыс үстінде. Қазіргі таңда Абай көшесіне 15 жарық диодты шам орнатылды. Мереке ауылының Молдагулова, Құрманғазы, Маметова көшелерінің электржелісін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін аудандық бюджеттен 8628,0 мың теңге қаражат бөлінді. Жарықшамдар сол кезеңде орнатылады. |
|
79 |
Мереке ауылының көше жолдарына көліктің жүру жылдамдығын шектейтін жол белгілерін орнату және жасанды кедергі орнату |
Жұмыс үстінде. Жыл соңына дейін қаражат қарастыруды жоспарлануда. |
|
80 |
Мереке ауылына кіре-беріс жолды күрделі жөндеу |
Жұмыс үстінде. 2023 жылы жобалық-сметалық құжаттама жасау жоспарлануда. |
|
81 |
Мереке ауылында ауыз су сапасын арттыру (су құбырын ескі скважинаға қосу, дезинфекция жасау) |
Жұмыс үстінде. Электр желісін және су құбырын ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаражат қарастырылуда |
|
82 |
Мереке ауылында пожарный гидрант орнату, жерін рәсімдеу |
Жұмыс үстінде. Су жүйесіне гидрант орнату жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаражат қарастырылуда. Жерін рәсімдеу қарастырылуда. |
|
83 |
Мереке ауылында бұзылып қалған үйлердің орнын тазалау |
Жұмыс үстінде. Үй иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
|
84 |
Мереке ауылында газ трубасын сырлау |
Жұмыс үстінде |
|
85 |
Киік мәселесін шешу |
Орындалды. Шаруа қожалық басшыларымен тәуілік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазіргі кезде киіктер ауданнан тыс аумаққа көшті. |
|
Тасқала ауылдық окугі |
||
|
86 |
Тасқала ауылынан Жігер ауылына қарай шыға-берісте көпірді кеңейтіп, биіктету қажет. Өздері материал сатып алған, техникамен көмек сұрайды. |
Жұмыс үстінде. Аудандық коммуналдық шаруашылығы күшімен атқару жоспарлануда |
|
87 |
Жігер ауылынан арғы бетке (егінге, мәйітке) өтетін жолға жаңа труба салу қажет, соған 5-6 метрлік труба керек. Трубамен көмектессе, өздері салып алады. |
Жұмыс үстінде. |
|
88 |
Ұялы байланыс сапасы нашар |
Жұмыс үстінде. Тасқала ауылы Теле2 4G, Билайн 4G, Актив 4G, Алтел 4G байланысымен қамтылған |
|
89 |
Бірлік ауылында электрқуатын Жігер ауылынан айыру релесін (разъединитель) орнату қажет. |
Жұмыс үстінде. |
|
90 |
Бірлік ауылына дейін қыста жолды қардан тазалау. Келісім-шартқа отыратын кәсіпкер іздестіру арнайы техникасымен |
Жұмыс үстінде. |
|
91 |
Бірлік ауылында дүкен қасында тұрақты алып тастаған, адамдардың отыратын, көлік күтетін орны жоқ. Тұрақты қайта орнату қажет |
Орындалды: аялдама орны басқа жерге ауыстырылды. |
|
92 |
Бірлік ауылынан Тасқала ауылына қатынасатын қоғамдық маршруттық көлік жүргізу |
Орындалған жоқ. Ниет білдіруші мердігер болмауына байланысты маршрут жіберу мүмкіндігі жоқ. |
|
93 |
Бірлік ауылында бұралқы (1 сары) итті аулау |
Жұмыс үстінде. |
|
94 |
Тасқала ауылында темір жолдан өтетін екінші автоөтпел салу (повтор) |
Орындалған жоқ. ҚТЖ тарапынан келісім берілмеді. |
|
95 |
Тұрғын үйлері нашар жағдайдағы отбасыларына тұрғын үй алып беру |
Жұмыс үстінде |
|
96 |
Тасқала а. Сәулет шағын ауданында 3 көшеге асфальт салу (щебень төселген, балшықта автокөліктер батып жүре алмайды) және көше атауын беру қажет |
Жұмыс үстінде: Жобалық-сметалық құжаттама жасақталды, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім үнемі ұсынылуда, жоспарға енгізілді. Сәулет шағын ауданының көшелеріне атау беру бойынша ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің хаттамасы дайын. Хабарламаны БАҚ беттеріне жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.. |
|
97 |
Тасқала а. Н.Тлендиев к. асфальт салу |
Жұмыс үстінде. Назарға алынды. Өзге дайын жобалық-сметалық құжаттамалар іске асырылу үшін қаражат бөлінген жағдайда, аталған мәселеге қатысты жұмыстар жүргізіледі. |
|
98 |
Тасқала а. Пушкин көшесінде тратуарды жөндеу, жоқ жеріне салу |
Жұмыс үстінде. Пушкин көшесіндегі тратуарлардың жағдайын тексеру жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары алдағы уақытта жүргізіледі. |
|
99 |
Тасқала а. Панфилов к. балалар ойын алаңын орнату |
Жұмыс үстінде. Тасқала ауылының Қ.Аманжолов және Х.Достығы көшелеріне 2 балалар ойын алаңын орнатылды. Биылғы жылы Панфилов көшесіне балалар ойын алаңын орнату үшін бюджетте қаражат қарастырылмаған. |
|
100 |
Тасқала а. Скоробогатов к. балалар ойын алаңын жөндеу |
Орындалды. |
|
101 |
Тасқала а. спорт зал құрылысы |
Жұмыс үстінде. Қазіргі таңда ЖСҚ түзетілуде. Қыркүйек айында сараптамаға тапсырылады. Сараптаманын оң қорытындысын алғаннан кейін тапсырыс беруші КПО б.в. мердігер мекемесін анықтау конкурсін өткізеді. |
|
102 |
Тасқала а. құс фабрикасының құрылысы туралы. |
Жұмыс үстінде. Инвестор тарту жұмыстары жүргізілуде |
|
103 |
Тасқала а. Жастар аллеясын теңгерімге алу |
Жұмыс үстінде. Тасқала ауылындағы Жастар аллеясын теңгерімге алу үшін жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеу үшін аудандық жер комиссиясына хат жолданды. |
|
104 |
Тасқала а. септик төгетін орынды ауыстыру |
Орындалды. Тасқала ауылының шығыс беткейінен сұйық қалдықтарды төгу орны жасақталған. Жер учаскесін беру туралы шешім, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акті рәсімделген. Төгу орны барлық стандарттарға сай. Осыған орай, сұйық қалдықтарды төгу орнын ауыстыру қажеттігі жоқ. |
|
105 |
Тасқала а. Бүркіт тау үстін ен жол салып алған көліктер, соны қоршап, төменмен жүретін жасау. Етегіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау. |
Жұмыс үстінде. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша сенбілік ұйымдастырылды. Қажеттілік болса қосымша сенбіліктер ұйымдастырылатын болады. Қоршау жұмыстарына бюджетте қаржат қарастырылмаған. |
|
106 |
Тасқала а. Бүркіт тауда қыста сырғанақ құрылды. Енді соның ағаштары күйсіз түрде тұр. Соны әдемілеп, абаттандырып қою қажет. |
Жұмыс үстінде. |
|
107 |
Тасқала а. кіре-беріс шекарасында тұрған «Тасқала ауданы» белгісін ауыстыру, жаңарту |
Орындалған жоқ. Аталған жұмыстарды орындау үшін бюджетте қаражат қарастырылмаған. |
|
108 |
Тасқала а. мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған адамдарды тексеру қажет, кейбіреулері тұрғын үйге мұқтаж емес, кейбіреулері пәтерлерін жалға беріп отыр. |
Жұмыс үстінде. |
|
109 |
Тасқала а. сатылатын шөп бағасын және сапасын (рулон салмағын) реттеу қажет |
Орындалды. Шаруа қожалық басшыларына 250-300 кг 1 рулон бағасын 5 мың теңгеден жоғары көтермеу туралы түсіндірілді. |
|
110 |
Тасқала а. қолжетімді бағамен жем, комбикорм сатуды ұйымдастыру |
Жұмыс үстінде.
|
|
111 |
Тасқала а. аудандық аурухана артында плотина бойында жер учаскелерінің беру заңдылығын тексеру, себебі құрылыс салынса жолмен қауіпсіз жүруге кедергі келтіреді |
Жұмыс үстінде. |
|
112 |
Тасқала а. Мереке дүкенінің сыртқы келбетін ретке келтіру |
Жұмыс үстінде. Мереке дүкенінің сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша иесімен кездесіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
|
113 |
Тасқала а. көшелеріне бейнебақылау камералары мен автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрал орнату |
Жұмыс үстінде. Жобалық-сметалық құжаттама жасақталды, бюджеттік өтінім Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасына жолданды. Қолдау табылған жоқ. Қазіргі уақытта басқармамен МЖӘ жобасы дайындалуда Тасқала ауданын енгізу үшін қажетті ақпарат ұсынылды. |
|
Шежін ауылдық округі |
||
|
114 |
Шежін ауылында Қазақтелеком АҚ интернетті үйлерге түскен арыздың кезегімен өткізу |
Жұмыс үстінде. Интернетке қосу Қазақтелеком АҚ ішкі бағдарламасы қалыптастырған кезек бойынша жүргізіледі. |
|
115 |
Шежін ауылында жоқ жерлерге шахта қою, қойылған құдық ішін тазалау, құдық ішіндегі крандар мен баспалдақтарды ауыстыру. Жалпы ауыз су сапасын арттыру, ауыз су сапасына СЭС жасаған талдау қорытындысын халыққа таныстыру |
Жұмыс үстінде. |