2022 жылдың III тоқсанына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша аналитиқалық жазба

2022 жылдың III тоқсаны бойынша  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2021 жылдың 20 желтоқсандағы №37 бұйрығымен «2022 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес 2022 жылдың III-тоқсанында 2 жергілікті атқарушы органда  ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде 6 заң бұзушылық анықталды. Соның ішінде:

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 5;
  • мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін бұзу – 1.

Тексеріс қорытындысы бойынша 3 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда 3 ұсыныс орындалды. Кемшіліктерге жол берген Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Естеков «ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін (100 қызметтен астам) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңде 27 адамды қамтыған 1 семинар, 25 адамды қамтыған 2 құқықтық оқыту өткізілді және аудандық «Екпін» газетінде 3 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында  190 жадынама таратылып, 180 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес аудан әкімі аппараты,  9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен  7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 1890 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- қағаз түрінде – 21 қызмет;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен  қағаз түрінде – 7 қызмет;

  • Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері (Е-собес, рынок труда, , ИС Загс, Единая информационная система социально-трудовой сферы) арқылы – 1432 қызмет;
  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы –150 қызмет;

 - «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау»  арқылы электронды түрде – 280 қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде 30 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ. 

Дата публикации
05 октября 2022