1.Конкурстың өткізілетін күні мен орны: конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23 мекенжайы бойынша өткізіледі.
2.Орналасқан орны, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетіле отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Тасқала ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 091000, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, телефон 8(71139)22-4-08. Негізі қызметі аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, сумен жабдықтау жүйелерін, канализация және жылу жүйелерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын асыру болып табылады.
3.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Жоғары білім:Құқық; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; қаржы; есеп және аудит; мемлекеттік және жергілікті басқару; жобаларды басқару); Техникалық ғылымдар және технология; Ауылшаруашылығы ғылымдары; Әскери іс және қауіпсіздік мамандықтары бойынша;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
4.Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн.
5.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау: бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Жуков көшесі 3 үй. «Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ, Анықтама телефоны: 8(71139) 21553.