«Қауіпсіз балалық шақ – 2022» акциясы шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Тасқала ауданы бойынша оқушылардың өмірінің қауіпсіздігін алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылады. Оқу жылының әр тоқсаны сайын оқушыларға және ата-аналарға қауіпсіздік ережелері таныстырылады. Биылғы оқу жылының соңында жазғы демалыс уақытында балалар жиналатын орындарда, көшелерде, аулаларда, ойын алаңдарында, қоғамдық орындарда, балалар паркі және спорт алаңдарындағы балалардың қауіпсіздігі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді, қолдары қойылды. Осы орайда жергілікті учаскелік инспекторлардың қатысуымен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша білім беру ұйымдарында кездесулер өтті. 2021-2022 оқу жылында қауіпсіздігін алдын алу бойынша 51 кездесу өткізілді. 1547 ата-ана, 1478 оқушы қатысты. 1 маусым күні барлық мектептерде жазғы демалыс лагерлері ашылды. Жазғы демалыс лагерінде лагерь демалушыларына  сауалнамалар, сұхбаттар жүргізілді. Лагерь жетекшілері мен балаларға түгел қауіпсіздік ережелері таныстырылып, арнайы жүргізілген қауіпсіздік техникасы жөніндегі журналға қолдары қойдырылды. Лагерь бөлмелерінде де қауіпсіздік ережелері жөнінде жадынамалар мен суреттер ілінді.  Білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы биылғы жылда  мектептер жанындағы тамақтандыру ұйымдастырылған. Аудандық «Шұғыла» демалыс лагері биылғы оқу жылында 4 кезенінен тұратын 40 оқушыдан 160 оқушы қамтылады, суға шомылу маусымында қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік сатып алу арқылы екі қаңқалы бассейн алынды. Бір бассейн «Шұғыла» жазғы демалыс лагерінде орналастырылса, ал екіншісі Ы.Атынсарин ат. ОМ жанында орналастырылады, суға жүзу жаттықтырушылары оқытылып, арнайы мамандар дайындалды.

Барлық мектептер жоспарларын құрып, мүмкіндігінше балаларды толық шаралармен қамтуды қарастыруда. Жазғы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік-нұсқау хат, білім бөлімінің бұйрығымен бекітілген қауіпсіздік нұсқаулықтар барлық білім ұйымдарына таратылады.

Барлық мектептерде қауіпсіздік мәселелері ата-аналар жиналыстарында қаралды және оларға жаднамалар  таратылды. Бастауыш сыныптың оқушыларымен  «Өзін-өзі қорғау дегеніміз не?» деген шара өткізіліп, бұл сабақта балаларға бейтаныс адамдармен сөйлесіп, оның айтқанына ілеспеуге, бейтаныс адамдарға үй-жайы туралы хабардар етуге болмайтындығы туралы әңгімелер жүргізілді.

5-11 сынып оқушыларына – сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, психологтың қатысумен лекция жүргізілді. Бұл шараларда оқушыларға өзін-өзі қорғау, бейтаныс қоршаған ортада өзін-өзі қалай ұстауға, қауіп төнген жағдайда қандай іс-әрекет ету керектігі туралы кеңестер берілді, бейтаныс жас адамдарға мекен-жайы, телефонын беруге, түрлі сылтауларға ілесуге болмайтындығы туралы айта отырып, 11 сынып оқушыларын болашақ студенттің қауіпсіздік ережелермен таныстырып өтті.

Білім беру ұйымдарында «Балалар электр жарақаттары және олардың алдын алу», «Өрт қауіпсіздігі» бойынша тәрбие сағаттары өткізілді. Тоқсан сайын Облыстық Білім Басқармасының және Төтенше жағдай департаментімен өкілдерінің қатысуымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен жарақаттанудың алдын алу бойынша ZOOM платформа арқылы кездесулер өтеді. Сонымен қатар Білім беру ұйымдарында төтенше жағдайларды алдын алу бойынша мектеп оқушыларына 2021-2022 оқу жылынан бастап «Жас құтқарушылар» үйірмелері өз жұмысын атқаруда. “Жас құтқарушылар” үйірмесінің мақсаты: жас ұрпақтың дамуын, өздерінің және қоғамдық қауіпсіздік проблемаларын жауаптылыққа тәрбиелеу, өмір сүру қауіпсіздігі жағдайы және дене шынықтыру мен психологиялық дайындық жағдайы бойынша білім деңгейлерін көтеру, құтқарушылар кәсібін насихаттау.

Дата публикации
14 сентября 2022