ТТасқала аудандық ішкі саясат бөлімі бос орынға конкурс жариялайды

Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімі бос орынға конкурс жариялайды

 1.«Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы,лауазымы -1 бірлік,тұрақты, еңбекақысы қызмет өткерген жылдарға байланысты 122833-148932 теңге аралығында.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Білімі жоғары(педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заңгерлік, техникалық білімі) және жалпы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес болуы керек.

Лауазымдық міндеттері:

Мекеме басшысы дара басшылық қағидаттарына қызмет етеді және олардың құзіретіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында және мекеме жарғысында анықталған мекеме қызметіндегі мәселелерді шешеді.

Заңнамаға сәйкес ұйым  қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелерінің орындалуын,қабылданатын шешімдердің орындалуын,оның теңгерімдегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді,ұйымның шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісімшарттар,операциялар жасайды,өкімдер мен бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді.Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды,қабылданған стандарттарға сай келуін қамтамасыз етеді. Ұйымның мемлекеттік бюджет,жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары,өнім жеткізушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда,кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің,сондай-ақ  шаруашылық және еңбек шарттарының келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Мекемені білікті кадрлармен  қамтамасыз ету,олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніңдегі заңнаманың талаптарын сақтау,ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Басқарудың  экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге  мәселелерді талқылау мен шешуді,өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді, мекеме қызметкерлерінің еңбек ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Мекеменің қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға-сектор меңгерушілеріне,сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады. Сотта,төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында мекеменің мүліктік және басқа да мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.

 

Қажетті құжаттар:

1.Конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш

2.Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

3.Білімі туралы құжаттың көшірмесі

4.Еңбек өтілін растайтын құжаттар

5.Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты мекен-жайы,байланыс телефондары көрсетілген)

6.Медициналық куәландырудан өткен туралы анықтама (№075)

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады.

 

Тасқала ауданы,Тасқала ауылы,Қ.Рысқұлбеков,2

Эл.адрес:isayasat.taskala@bko.gov.kz

22-5-27,21-8-84

Дата публикации
08 сентября 2022