Тасқала ауданының Достық ауылдық округінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Асқарұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына Тасқала ауданының тиісті мекеме басшылары және комиссия мүшелері қатысты.
Комиссия отырысында аудандық білім беру бөлімінің бас маманы А.Сапаровтың 2022-2023 жылдарға арналған оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндамасы, Достық ауылдық округінің әкімі Х.Ахметов Достық а/о әкімі аппараты жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы және ауылдық округтегі күнкөрісі төмен және қолайсыз отбасылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі және аудандық ішкі саясат, Тасқала колледж басышыларының Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, қоғамдық шараларға белсене араластыру мақсатында шаралардың ұйымдастырылуы туралы баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар, Достық мектеп бөбекжай балабақша кешенінің мектеп оқушылары арасында жүргізілген тәрбие жұмыстары және нәтижесі туралы баяндамалары тыңдалып, мектеп директорына аталған мәселе бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Асқарұлы жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін, олардың құқықтарын қорғалуын жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.