1.Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аудан әкімінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 10 өкімі негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні: «Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бағыттары:
1.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызмет көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау функцияларын іске асыру
6) Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты тұлғалар:
|
Утеген Асқар Бисенбайұлы |
- |
Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы - шаруашылығы жұмысы бөлімінің басшысы; |
|
Бисалиев Бексултан Аскарович |
- |
Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы; |
|
Мукашев Бекежан Жамаледенұлы |
- |
Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы; |
|
Жайсаң Жандарбек Жанболатұлы |
- |
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және әкімшілік жұмыстары бөлімінің бас инспекторы-заңгер. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:
2022 жылғы 25-31 наурыз аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
31.08.2021 жж - 31.03.2022 жж.
2
2.1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы:
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. «Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларына, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 31 аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеменің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Мекеме қызметін реттейтін салалық заңдармен, заңға тәуелді актілердің тізімі:
Қорытынды: Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындайтын қақтығыстар жоқ.
2.2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау нәтижелері
Кадр ауысушылығының себептері: 2 – өз еркімен (А.Кужиева, А.Мұқанғалиев).
2021 жылғы 31 тамыз – 2022 жылғы 31 наурыз аралығындағы жағдай бойынша 1 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жазалар қолданылды. Берілген тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды.
Есепті кезең ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Қорытынды:
Есепті кезеңде «Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша кадр ауысушылығы мемлекеттік қызметшілер арасында 0 %; ал техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органның жұмыс істеуді қамтамасыз ететін тұлғалардың арасында 10 % құрайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар және мемлекеттік қызметке кіркелтірген тәртіптік жауапкершілкке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде басшы мен мамандар арасында тума-туыстық байланыстар анықталған жоқ.
Талдау барысында мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт жасасқан тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің мекеме қызметкерлерімен туыстық қатынастары анықталмады.
Қорытынды:
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішкі мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
Аудан әкімі аппаратымен дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімінің аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтерге мониторинг және ішкі бақылау жүргізіледі. Есепті кезеңде: 3 мемлекеттік мекемеге ішкі бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 7 кемшілік (мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін бұзу– 6; өзгелер – 1) анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша 4 ұсыныс берілді, 3 ұсыныс орындалды.
Ағымдағы жылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 30 адамды қамтыған 3 құқықытық оқыту, 30 адамды қамтыған 1 дөңгелек үстел және 2 семинар өткізілді. Аудандық «Екпін» газетінің бетінде 2 мақалалар жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында 160 жадынама таратылып, 175 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша:
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
5.Бақылау функцияларын іске асыру
Мекеме бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
6.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
Есепті кезеңде: 122 қаулы, 21 шешім, негізгі қызмет бойынша 64 өкім және 53 бұйрық, жеке құрам бойынша 28 өкім, 37 бұйрық шығарылды. Осы уақыт аралығында шығарылған актілерге наразылық туындаған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарына өткізілген мониторингі («Екпін» Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті, Тасқала ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы) мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар жарияланбағандығы анықталды.
2021 жылдың 31 тамызы мен 2022 жылдың 31 наурыз айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында аудандық «Екпін» газетінің бетінде 4 материал, ресми сайтқа және әлеуметтік желілерде 9 мақала жарияланып, 2000-ға жуық жадынама үйлестірілді.
Азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексінде көзделген қағидалар негізінде жүргізілуде.
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 31 тамызы мен 2022 жылдың 31 наурызы аралығында – 72 жеке тұлғалардан, 35 заңды тұлғалардан өтініштер түсіп, 46 тұлға жеке қабылдауда болды.
Түскен өтініштер уақытында тіркеліп, мерзімдеріне сай өтініш иелеріне жазбаша жауаптары берілген.
Сонымен қатар «Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «сыбайлас жемқорлық» мәселелеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.
Қорытынды: Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер уақытылы тіркеліп, өтініш иелеріне уақытылы жауап берілген. Сыбайлас жемқорлық бойынша мекеме қызметкерлері арасында құқық бұзушылық болмаған.
ІІІ. Қорытынды мен ұсыныстар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген жұмыс тобы:
|
Утеген Асқар Бисенбайұлы |
Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы - шаруашылығы жұмысы бөлімінің басшысы; |
|
Бисалиев Бексултан Аскарович |
Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы; |
|
Мукашев Бекежан Жамаледенұлы |
Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы; |
|
Жайсаң Жандарбек Жанболатұлы |
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және әкімшілік жұмыстары бөлімінің бас инспекторы-заңгер. |
Аудан әкімі аппараты басшысының
міндетін уақытша атқарушы Б.Мукашев