Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 10 желтоқсандағы № 38-б бұйрығымен «2020 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың I-тоқсанында 3 жергілікті атқарушы органда ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде жалпы 47 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
Тексеріс қорытындысы бойынша 3 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда 2 үсыныс орындалды.
Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (100 қызметтен астам): «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» және тағы да басқа.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (мемлекеттік органдарда), http://adilet.zan.kz сайтындағы заңнамаға сілтемелері аудан әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 9 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 615 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- қағаз түрінде қызмет берушілер арқылы – 118 қызмет;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде – 141 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы – 356 қызмет.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңді 66 адамды қамтыған 4 құқықтық оқыту, 3 дөңгелек үстел, 1 семинар-кеңес өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін түсіндіру мақсатында 800 жадынама таратылып, 375 түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есепті кезеңде 45 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.