«Тасқала ауданының спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Спортсмен-нұсқаушысы – 1 бірлік (1 адам-Тасқала а/о) ат спорты
Спортсмен-нұсқаушысы - 0,5 бірлік (1 адам-Мерей а/о)
Спортсмен-нұсқаушысы- 1 бірлік (1 адам- Қазақстан а/о)
Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары кәсіби немесе орта арнаулы білім. Жұмыс тәжірибесі құпталады. Заманға сай компьютерді және мемлекеттік тілді білуі қажет.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға байқау өткізу ережесі» қаулысы негізінде жүргізіледі.
Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы, құжаттарды байқауға қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15-күнтізбелік күнінің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, С.Жақсығұлов көшесі, 7 ұй. «Тасқала ауданының спорт клубы» МКҚК.Анықтама телефоны: 8-711-39-21-9-33.