Тасқала ауданының Қосшы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2022 жылғы 22 мамырда Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Тасқала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қосшы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 370 азамат енгізілді, оның ішінде 315 – сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –5  «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ж. Ж. Жайсаң-8 (2,6 %)

Зулкашев А. К. –6 ( 2 %)

Рахимов С. Б. – 290 (95,4 %)

Қосшы ауылдық округінің әкімі болып Рахимов Сансызбай Бактыгалиевич сайланды, 1961 жылы туған, «Нигметова» ЖК-да жұмысшы, Тасқала ауылында тұрады. «AMANAT»  партиясы ұсынған.

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
22 мая 2022