Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес, Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 11 мамыр күні Қосшы ауылдық округінің әкімі лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1.Жайсаң Жандарбек Жанболатұлы, 1994 жылы туған, Тасқала ауданы әкімінің аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және әкімшілік жұмыстар бөлімінің бас инспектор- заңгері, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынды.
2. Зулкашев Аманжол Кайратович, 1990 жылы туған, Тасқала ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман- бухгалтерінін міндетін атқарушы, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Достық ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынды.
3. Рахимов Сансызбай Бактыгалиевич, 1961 жылы туған, ЖК «Нигметова» жұмысшы, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында тұрады, «AMANAT»партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық филиалы ұсынды.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы