Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Хабарламасы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 133-3 бабына сәйкес 2022 жылғы 5 мамырда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық филиалының ұсынуымен Қосшы ауылдық округі әкіміне кандидат Рахимов Сансызбай Бақтығалиұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырды.

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қосшы ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Мемлекеттік қызмет туралы"заңға сәйкестігін айқындайтын болады.

Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 мая 2022