Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылдың 22 сәуірдегі №3 ШЕШІМІ

2022  жылғы 22 мамырға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Тасқала  ауданының  Қосщы ауылдық округі әкімін

сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 22 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Қосщы ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Қосщы ауылдық округі аумағының шекарасында – Қосщы сайлау округі құрылсын.
  2. Осы шешім аудандық қоғамдық - саяси «Екпін» газетінде және Тасқала ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында жариялансын.

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  А.Нурмаков

Дата публикации
22 апреля 2022