Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданының Қосщы ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2022 жылғы 22 мамырға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Қосщы ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 22 мамырға тағайындалсын.
- 2022 жылғы 22 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Қосщы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Тасқала ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім Тасқала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Екпін» қоғамдық – саяси газетінде жариялансын.
Тасқала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А.Нұрмақов