2020 жылдың 14 қаңтар 4 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің Тасқала ауданының тұрғындарымен өткізілген есептік кездесулерінде тұрғындардан түскен ұсыныс - ескертпелерін орындау іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

№

Сын ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер

Орындалуы туралы ақпарат

1.      

Бастау ауылындағы көктемгі су шайып кеткен жолды жөндеуге смета дайындау

Қаражат мәселесін шешу жолдары қарастырылуда

2.      

Бірлік а. кіреберіс жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Тасқала ауданының Бірлік ауылының кіреберіс автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жоба дайындауға ұсыныс жолданған болатын. Жоспарға енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

3.      

Бірлік а. ауыз су жүйесін өткізуге жобалық-сметалық құжат жасау

Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға қаражат қарастырылуда.

4.      

Атамекен ауылына дейін 18 км жолды жөндеуге  жобалық-сметалық құжат жасау

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы Тасқала ауданының Атамекен ауылының кіреберіс автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба жасақтау жоспарланды.

5.      

Амангелді ауылының Саржайлау көшесіне интернет өткізу

Шешу жолдары қарастырылуда

6.      

Тасқала ауылындағы аурухана артындағы бөгетті жөндеуге сметалық құжат жасау

Тасқала ауылындағы аурухана артындағы бөгетті жөндеу бойынша смета жасақталды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі қарастырылуда.

7.      

Тасқала а. Төлегенова және Шевченко көшелерінің жолдарын жөндеу

Тасқала ауылы Шевченко көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Ал Төлегенова көшесі бойынша биылғы жылы жөндеу жүргізу жоспарда жоқ

8.      

Ақтау ауылына дейін 2,5 км жолды күрделі жөндеуге  жобалық-сметалық құжат жасау

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Тасқала ауданының Ақтау ауылының кіреберіс автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жоба дайындауға ұсыныс жолданған болатын. Жоспарға енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

9.      

Мереке ауылына кіре беріс жолы мен Акжигитов көшесінің жолын жөндеуге  жобалық-сметалық құжат жасау

Мереке ауылы бойынша ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге смета жасақталды.

10.                        

Мереке ауылында сарып ауруын анықтау үшін ауыл шаруашылық малдан қанды тегіс алу

Жұмыстар жүргізілуде.

11.                        

Екінші Шежін ауылының ауыз су бағасын төмендету және сапасын көтеру

Екінші Шежін ауылының ауыз су бағасын төмендету мақсатында, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына субсидия төленетін су құбырлары қатарына енгізуге құжаттары жолданды, басқарма өз кезегінде тиісті комитетке жолдады. Сапасы бойынша, ай сайын сапасын тексеру мақсатында сынамалар алынып, қорытындысы бойынша тиісті шаралар атқарылып отырады.

Дата публикации
23 апреля 2020