Балаларды қолдау call-орталығының нөмірі (білім басқармасының жанындағы)

Балаларға арналған шұғыл қызметтің біріңғай Cаll-орталығын тәулік бойы қызмет көрсету үшін Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығына бекітіліп отыр.

Бұл орталықтың штат бірлігінде қарастырылған  педагог-психолог Coll-орталығына тәулік бойы қызмет жасайтын болады. Сонымен қатар педагог-психологтарды кәсіби оқыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Cаll-орталығына жауапты педагог-психологтарға қызмет регламенттері мен қоңырау қабылдау этикасы бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

Білім басқармасының сенім телефондары Орталыққа біріңғай 8 (708) 435 04 63 алтел нөміріне және 1301 қысқа нөміріне ауыстырылды.

Cаll-орталығына автоматты телефоннан да, үй телефонынан да, ұялы телефоннан да шалуға болады.

 

Дата публикации
24 марта 2022