2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджет (аудандық бюджет)

         2022 жылға арналған аудандық бюджет көлемі 5 223 967  мың теңгені құрайды (2023 жылы – 1 503 208 мың теңге, 2024 жылы – 1 585 907 мың теңге).
         Аудандық бюджеттің өз кірістері 2022  жылы 677 800 мың теңге  (корпоративтік табыс салығы – 19 000 мың теңге, жеке табыс салығы – 207 000 мың теңге, әлеуметтік салық – 193 000 мың теңге, меншікке салынатын салықтар 211 600 теңге, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар – 12 000 мың теңге, заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер – 2 400 мың теңге, басқа да салықтық емес түсiмдер – 11 800 мың теңге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 21 000 мың теңге  сомасында (2023 жылы – 678 346 мың теңге, 2024 жылы – 763 928 мың теңге).                                                                                                                                   2022 жылы жалпы сипаттағы трансферттер (субвенция)  сомасы 3 388 841 мың теңге (2023 жылы – 824 862 мың теңге, 2024 жылы 821 979 мың теңге) құрайды.
         Сонымен қатар, 2022 жылы жоғары бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер 4 546 167 мың теңге сомасында  ( 2023 жылы – 824 862 мың теңге, 2024 жылы – 821 979 мың теңге) қарастырылған.
         Бұған қоса, 2022 жылға арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен өтеу кестесіне сәйкес бұрын берілген бюджеттік кредиттерден 67 974 мың теңге сомасында қайтару қарастырылған.

 

Дата публикации
19 января 2022