2021 жылы "Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі"ММ бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебіне тусіндірме жазба

Әкімшімен 8 бюджеттік бағдарлама іске асырылды, жалпы сомасы 520554,0 мың теңгеге немесе 100%, жоспар бойынша 520552,6 мың теңге.игерілмеген 1,4 мың теңге – дөнгелендіру есебінен. дебиторлық , кредиторлық берешек жоқ.

001    «Жергілікті деңгейде мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

Бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы -22493,0 мың.тенге, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы – 0,8 мың.тенге, игерілмеген сомасы -0,8 мың.тенге, игерілмеу себептер-і дөнгелендіру есебінен,

түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi  Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске  асыру жөніндегі 10 мемлекеттік  қызмет көрсітіледі

  1. Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

Бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы -305440.0 мың.тенге, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары толық  100% орындалды.

түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi 

Мәдени-шараларға қатысқан көрермендердің саны 100% орындалды .

Өткізілетін мәдени-шаралар 630 шара өткізіліп 100% толық  орындалды

Мәдени-бұқаралық шараларға қатысу үшін сахналық киімдер сатып алу және тігу, сонымен қатар МТБ мәдени ұйымдарын нығайту үшін 2021 жылы 14030,0 мың теңгеге  фольклорлық ансамбліне,«Ак тлеу» халықтық ансамбліне, солистерге сахналық костюмдері тігілді,жабдықтаушы материалмен жарықтандыру жабдығы орнатылды.

006.. Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі

Бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы -131544,0 мың.тенге, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы - 0,6 мың.тенге, игерілмеген сомасы -0,6 мың.тенге, игерілмеу себептер-і дөнгелендіру есебінен,

2021 жылға арналған жалпы кітап қорының айналымы 284873 дана кітапты құрайды.

Оқырмандар саны - 9860

Келу саны - 104260

Оқырмандарға  190060 дана кітап берілді.

МТБ мәдени ұйымдарын нығайту үшін 657,5 мың теңгеге  516 дана кітаптары сатып алынды,және 1417,4 мың теңгеге  ноутбук,4генератор,насос т.б.құралдар сатып алынды

түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi 

Оқырмандар саны жоспар 100,0% орындалды

Өткізілген мәдени-шараларға қатысушылар 100,0% орындалды

  1. Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарына басқа да тілдерін дамыту

Бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы -987,0 мың.тенге, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары толық  100% орындалды.

Ауданы бойынша халық саны 16751 адам.  Оның 13100 қазақ ұлты, қалғаны 3471 өзге этнос өкілдері. Аудан бойынша қазіргі таңда мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде меңгерген ересек адамдардың үлесі 89%-ды құрады. Олардың көпшілігі тіл саясатын жетілдіру бағытында белсенділік танытып, тіл саясатын насихаттау жұмыстарына өз үлестерін қосуда.

Аудан бойынша мемлекеттік мекемелер арасындағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы    2021 жылы 100% құрады.

Ағымдағы жылы тіл айлығы аясында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен дамыту барысында мемлекеттік органдармен бірлесіп, бірнеше байқаулар мен тақырыптық сағаттар, челлендж жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы шара саны  - 33. Оның ішінде фестиваль -2, дайджест – 1, байқау,  эссе жазу– 5,  челлендж – 2, танымдық, тақырыптық, тәрбие сағаттары –7, дауыстап оқу, поэзия сағаты – 3, бейнероликтер –5, дебат – 2, сыныптан тыс сағаттары, сайыс сабағы – 3, рольдік ойын – 1, кітап көрмелері – 20. Аталған шараға  қамтылған адамдардың жалпы саны – 102.

Сонымен қоса мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетіне және әлеуметтік желілерде «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте», «Қазақ тілін-қазақтарды жақсы көремін», «Өз тіліңді құрметте», «Мемлекеттік тіл-ұлт болашағы», «Мемлекеттік тілдің рөлін сот ісін жүргізуде қолдану арқылы күшейту», т.с. атты мақалалар жарияланды

түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi 

Тілдерді дамыту шараларының жоспары толық орындалды.

  1. Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамыту

Бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 35625,0 мың.тенге, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары толық  100% орындалды.

2021 жыл бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бойынша

Шара саны - 239 спорттық шара

сонын ішінде:

Ұлттық спорт түрлер саны - 28. 

Облыстық көлемінде спорттық жарыстарға қатысқан саны – 30.   

түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi 

Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамыту бойынша жоспар толық орындалды.

  1. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейде спорттық жарыстар өткізу

Бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы - 2044,0мың.тенге, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары толық  100% орындалды.

Ұйымдастырылған жарыс саны -42.

түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi  Дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жастағы халықтық үлесі  34,7% жетіп, көрсеткіш 100% орындалды .

  010  Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысу

Бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы - 5986,0мың.тенге, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары толық  100% орындалды.

түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi  Облыс құрама командасына 10 адам  еніп  көрсеткіш 100% орындалды

Облыс аумағында қатысқан жарыс саны -  37.

Облыстық жарыстарға қатысу -нәтижелері толық орындалды

032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары"

Бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы -16435,0 мың.тенге, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары толық  100% орындалды.

түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi  Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары- көрсеткіш орындалды- МТБ мәдени ұйымдарын нығайту үшін 2021 жылы 16435,0 мың теңгеге  музықалық аспаптар мен компьютерлік техника және 2 жылыту қазандығы сатып алынды

Дата публикации
19 января 2022