2021 жылдың IV тоқсанына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша аналитиқалық жазба

2021 жылдың IV тоқсаны бойынша  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2020 жылдың 11 желтоқсандағы №42 бұйрығымен «2021 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес 2021 жылдың IV-тоқсанында 2 жергілікті атқарушы органда  ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде 37 заң бұзушылық анықталды. Соның ішінде:

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері (оқығандығы туралы сертификаттың болмауы) –
  • мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін бұзу – 35 факітісі анықталды.

Тексеріс қорытындысы бойынша 2 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда 1 ұсыныс орындалды, 1 ұсыныс бойынша жоспар жасақталды.Тексеріс қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Габбасов «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Есепті кезеңде 60 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.

Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін (100 қызметтен астам) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңде 38 адамды қамтыған 4 семинар, 45 адамды қамтыған 3 құқықтық оқыту өткізілді және аудандық «Екпін» газетінде 1 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында  150 жадынама таратылып, 165 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес аудан әкімі аппараты,  9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен  7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 1413 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1.

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен  қағаз түрінде – 9 қызмет;

- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы – 932 қызмет;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы – 131;

 - «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау»  арқылы электронды түрде – 340 қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде 60 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ.

Дата публикации
11 января 2022