|
№ |
Ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1. |
Талдыбұлақ ауылына қатынайтын бөгетті жөндеу |
Талдыбұлақ елді – мекеніне Шежін өзенінен өтетін бөгетке жөндеу жұмыстары жүргізілді. |
|
2. |
Кеңжайлау ауылына көше жарығын орнату |
Қыркүйек айында 10 көше шамы орнатылды. |
|
3. |
Жігер ауылына кіре-беріс жолды жөндеу |
Жігер ауылының кіреберіс автомобиль жолына тегістеу жұмыстары жүргізілді |
|
4. |
Бірлік ауылына ауыз су өткізуге жобалық-сметалық құжат дайындау |
Бірлік ауылына су құбырын жүргізу жұмысы бойынша жобалық сметалық қүжаттамасы дайындалып, ағымдағы жылы сараптамадан өтті 03.12.2021 № ExT-0051/21. БҚО Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. |
|
5. |
Бірлік ауылына кіре-беріс жолды жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындау |
Бірлік ауылына кіреберіс жолын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. |
|
6. |
Бірлік ауылына медициналық пункт ғимаратын салу |
Медициналық пункт құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жасалды. Қаржыландыру мәселесі 2023 жылға жоспарланған. |
|
7. |
Алмалы ауылына көше жарығын орнату |
Алмалы ауылына көше жарығы орнатылды |
|
8. |
Достық ауылына кіре-беріс 3,5 км жолды жөндеу |
Жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Қаражат қарастырылған жағдайда жөндеу жұмыстары жасалатын болады. |
|
9. |
Мерей ауылында ауылшаруашылық өндірістік кооператив жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру |
Округ бойынша «Мерей қазына» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. АӨК құрамына 300 бас Ірі қара мал тіркелді. Тоғайлы елді мекенінде «Тоғайлы» АӨК құрылды.Оның құрамына 100 бас ірі қара мал тіркелінді. Субсидия алуға 2 АӨК толық құжаттарын тапсырды. «Тасқала ЕТ ВКО» ЖШС мен келісімшартқа отырып 2 АӨК –не 18 бас асыл тұқымды бұқа алынды. Ауылшаруашылық өндірістік кооператив жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру аяқталды. Округ бойынша 2-АӨК өз жұмыстарын қарқынды жүргізуде. |
|
10. |
Шежін ауылына интернет өткізу |
«Қазақтелеком» АҚ арқылы қазіргі таңда 20 абонентке (үйге) интернет желісі қосылды. Интернет желісін қосу жұмыстары жалғасып жатыр. |
|
11. |
Аманкелді ауылының Жуков, Аманкелді, Мажитов қөшелеріне электрқуатын беретін трансформаторды ауыстыру |
Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталған жеңімпаз трансформаторларды жеткізбеуіне байланысты. Іс шара орындалған жоқ. |
|
12. |
Атамекен ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын орынды реттеу (жинақтау) |
ТҚҚ жинайтын орынды абаттандыру жұмыстарын жүргізуге смета жасалды. 2022 жылдың бюджеттік өтініміне енгізілді. |
|
13. |
Ақтау ауылына кіре-беріс 3 км жолды жөндеу |
Биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды, қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізілетін болады. |
|
14. |
Тасқала а. «Москвичи» ЖЖМҚС жағынан кіре-беріс жолды жөндеу |
Қаражат тапшылығына байланысты қаражат бөлінген жоқ |
|
15. |
Тасқала ауылында жаңа зират орнын жайластыру |
Жаңа зират салуға 6 га жер учаскесі бөлінді. Құжаттары рәсімделуде. |
|
16. |
Тасқала ауылында жаңа мешіт құрылысын жүргізу |
Құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жертөле блоктарын жайластыру, іргетас жұмыстары бітіп, 2-қабат қабырғаларын қалап жатыр. |