2021 жылдың III тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2020 жылдың 11 желтоқсандағы №42 бұйрығымен «2021 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес 2021 жылдың III-тоқсанында 2 жергілікті атқарушы органда ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде 1 заң бұзушылық анықталды. Соның ішінде:
Тексеріс қорытындысы бойынша 1 ұсыныс берілді және орындалуы бойынша іс-шара жоспары жасақталды.
Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін (100 қызметтен астам) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңде 8 адамды қамтыған 1 дөңгелек үстел, 29 адамды қамтыған 4 құқықтық оқыту өткізілді және аудандық «Екпін» газетінде 4 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында 170 жадынама таратылып, 185 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес аудан әкімі аппараты, 9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 1633 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде – 14 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы –1057 қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы – 151;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау» арқылы электронды түрде – 411 қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде 60 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 2.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ.