2021 жылдың 13 қаңтар 10 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің Тасқала ауданының тұрғындарымен өткізілген есептік кездесулерінде тұрғындардан түскен ұсыныс - ескертпелерін орындау іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

№

Ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер

Орындалуы туралы ақпарат

1.                   

Талдыбұлақ ауылына  қатынайтын бөгетті жөндеу

Жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қатынас орнатылды.

2.       

Кеңжайлау ауылына көше жарығын орнату

Қыркүйек айында 10 көше шамы орнатылды.

3.       

Жігер ауылына кіре-беріс жолды жөндеу

Жігер ауылының кіреберіс автомобиль жолына тегістеу жұмыстары жүргізілді

4.       

Бірлік ауылына ауыз су өткізуге жобалық-сметалық құжат дайындау

Бірлік ауылына су құбырын жүргізу жұмысы бойынша жобалық сметалық қүжаттамасы дайын қазіргі уақытта сараптамадан өтуде

5.       

Бірлік ауылына кіре-беріс жолды жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындау

Бірлік ауылына кіреберіс жолын күрделі жөндеу жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда

6.       

Бірлік ауылына медициналық пункт ғимаратын салу

Медициналық пункт құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жасалды. Қаржыландыру мәселесі 2023 жылға жоспарланған.

7.       

Алмалы ауылына көше жарығын орнату

Алмалы ауылына көше жарығы орнатылды

8.       

Достық ауылына кіре-беріс 3,5 км жолды жөндеу

2021 жылдың соңына дейін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. 

9.       

Мерей ауылында ауылшаруашылық өндірістік кооператив жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру

Округ бойынша «Мерей қазына» АӨК құрылды АӨК құрамына 300 бас ІҚМ тіркелді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тоғайлы елді мекенінде «Тоғайлы» АӨК құрылды.  Субсидия алуға 2 АӨК толық құжаттарын тапсырды. «Тасқала ЕТ ВКО» ЖШС 2 АӨК –не 18 бас тұқымды бұқа алынды.

10.   

Шежін ауылына интернет өткізу

«Қазақтелеком» АҚ арқылы тұрғын үйлерге интернет тартылуда

 

11.   

Аманкелді ауылының Жуков, Аманкелді, Мажитов қөшелеріне электрқуатын беретін трансформаторды ауыстыру

Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталған жеңімпаз трансформаторларды жеткізбеуіне байланысты. Іс шара орындалған жоқ.

12.   

Атамекен ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын орынды реттеу (жинақтау)

ТҚҚ жинайтын орынды абаттандыру жұмыстарын жүргізуге смета жасалды. 2022 жылдың бюджеттік өтініміне енгізілді. Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында  абаттандыру жұмыстары Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығымен бірігіп жүргізілетін болады.

13.   

Ақтау ауылына кіре-беріс 3 км жолды жөндеу

Биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды, қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізілетін болады.

14.   

Тасқала а. «Москвичи» ЖЖМҚС жағынан кіре-беріс жолды жөндеу

Биылғы жылы аталған жолға сметалық құжаттама дайындау жоспарланып отыр.

15.   

Тасқала ауылында жаңа зират орнын жайластыру

Жаңа зират салуға 6 га жер учаскесі белгіленіп, құжаттары рәсімделуде.

16.   

Тасқала ауылында жаңа мешіт құрылысын жүргізу

Құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дата публикации
05 октября 2021