«Тасқала ауданының спорт клубы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны
Спорт-нұсқаушысы – 1 бірлік (1 адам-Тасқала а/о)
Спорт-нұсқаушысы - 1 бірлік (1 адам-Шежін а/о)
Спорт-нұсқаушысы- 0.5 бірлік (1 адам- Амангелді а/о)
Спорт-нұсқаушысы- 1 бірлік (1 адам- Қазақстан а/о)
Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары кәсіби немесе орта арнаулы білім. Жұмыс тәжірибесі құпталады. Заманға сай компьютерді және мемлекеттік тілді білуі қажет.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға байқау өткізу ережесі» қаулысы негізінде жүргізіледі.
Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады.
1. Түйіндеме;
2. Байқауға қатысу туралы өтініш;
3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
4. Білімі, біліктілігі туралы құжат көшірмесі (түпнұсқасымен бірге тексеру үшін);
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі (түпнұсқасымен бірге тексеру үшін);
6. 075 нысынды анықтама
7. Сотталмағаны жөніндегі анықтама;
8. 3х4 фотосурет- дана.
9. Іс қағаз
10.Файл
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы, құжаттарды байқауға қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15-күнтізбелік күнінің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, С.Жақсығұлов көшесі, 7 ұй. «Тасқала ауданының спорт клубы» МКҚК.
Анықтама телефоны: 8-711-39-21-9-33.