Қосшы ауылдық округі бойынша 2021 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар есебі

 

Қосшы ауылдық округі бойынша 2021 жылдың 8 айында атқарылған  жұмыстар есебін  назарыңызға  ұсынамын.

Ауылдық округте 2 елді мекен бар Оян және Кеңжайлау ауылы. Оян ауылында 123 және Кеңжайлау ауылында 20, барлығы 143 аула бар. 83 аула қосалқы шаруашылық ұстайды.

Округімізде 45 шаруа қожалығы, 4 жеке кәсіпкерлер бар.  Оның ішінде, 2 жеке кәсіпкер сауда-саттықпен, 2 жеке кәсіпкер мал шаруашылығымен бағытымен айналысады.

Қазіргі  таңда  көптеген  мемлекеттік  бағдарламалар  іске  қосылған,  сонымен  қатар  округ  аумағында  мал шаруашылығымен  айналысуға  бар  жағдай  жасалған.

2021 жылдың 8 айында Қосшы ауылдық округі бойынша шағын бизнесті дамыту мақсатында, «Бизнес бастау» арқылы оқып, 5 ауыл тұрғыны 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алып шаруаларын дөңгелетуде.

Соның ішінде, 2 ауыл тұрғыны құс шаруашылық бағытын дамыту, 1  құрлыс құралдарын алып, халыққа қызмет көрсету, 1 қоғамдық монша салу, 1 мал шарушылғын дамыту мақсатында алды.

Қысқы мезгілдері Қосшы ауылдық округінің  Оян ауылының ішкі жолдарын қардан тазалау жұмыстары атқарылып, 700,0 мың  теңге қаржы жұмсалды.

Қосшы ауылынын ауылішілік автокөлік жолдарын тегістеу, грейдерлеу жұмыстарына 382,0 мың теңге жұмсалды.

Сенбіліктер ұйымдастырлып, көктемгі көгалдандыру, терек, көшет отырғызу,  жұмыстары атқарылды.

«Ауыл көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы  бойынша 2 млн 737,0 мың теңге қаржыға Оян ауылына көше 60 дана шамдар орнатылды. Кеңжайлау аулыны 10 шамдар орнатылды.

Оян ауылында мал моласы жаңадан қазылды.

«Елді мекендерді аббаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 1 млн 481,0 мың  теңге қаржы бөлініп, көң – қоқыс  айналасын жинау жұмыстары атқарылды.

Мектеп ғимаратын жарықтандыру, түнгі мезгілде жанып тұратын Атауын жазу жұмыстары жасалып, жаяу жүргінші жолдарына үш жарықшам орнатылды. Бұл жұмыстардың барлығы мектеп түлектерінің  демеушілік қолдауымен жүргізілді. Жалпы 620 000 теңге қаражат жұмсалды.

Көп балалы екі отбасына «AidynNury» Айнұр Тұрсынбаеваның қайырымдылық қорының көмегімен, жастардың ұйымдастырумен 3 бөлмелі үйдің кілті табысталды.    

 

 

 

Дата публикации
20 сентября 2021