Тасқала аулдық округі бойынша 2021 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар

Ауыл тазалығы, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары :

Биыл 4000 түп түрлі көшеттер, 10000-ға жуық түп түрлі гүлдер Абай көшесі, Орал-Озиньки тасжолы бойынан, Жәнібек хан көшелерінде егілді. Суару жұмыстарына 1450,0 тг және көгалдандыру жұмыстарына 30000,0 тг бөлінді. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 40000,0 тг бөлініп, қазіргі уақытта жұмыстар басталып кетті. Әкімдердің халыққа беру есептерінде Бірлік ауылында балалар ойын алаңы қажет екендігі туралы мәселе көтерілетін. 2021 жылы бюджеттен 6379,0 тг бөлініп, жауапты мердігер белгіленді. Маметова, Әбілхайыр хан көшелеріне көше жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстарын жүргізу үшін 4138,0 теңге бөлініп, аталған жұмыстар жүргізілді. Тасқала ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан көң қоқыс төгу орнын қоршау жұмыстарына 9080,0 тг, көң қоқыс төгу орнын кұтіп ұстауға 2450,0 тг, сұйық қалдықтарды төгу орнын ретке келтіру жұмыстарына 934,0 тг бөлінді.    

Ұжымдық бау-бақшаға Деркөл өзені жағасынан 2020 жылы 5га жер учаскесіне бақша егілсе, 2021 жылы 10 га жер теліміне 39 мекеме қызметкерлері және 5 ауыл тұрғыны картоп және әртүрлі көкөністер екті, өнім жинау көлемі жақсы деңгейде, арам шөптері уақытылы тазаланып, суару жұмыстары Тасқала ауылдық округі әкімі аппараты жасақтаған кестеге сәйкес техникамен қамтамасыз ету арқылы жүргізілді..

Ауылдық округ бойынша мониторингтік топ құрылып жұмасына 3 рет дүкендер және қоғамдық орындарға тексеру жұмыстарын жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2021