Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен 2021 жылдын 8 ай қортындысы бойынша атқарылған жұмыстар

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы  202 онын ішінде;Электрондық түрде ("электрондық үкімет" веб-порталы, "е-лицензия", "е-әкімдік" ақпараттық жүйелер арқылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -167. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 35. Мемлекеттік қызметтер бойынша барлығы 19 дәлелді бас тарту болды.

Мемлекеттік сатып алу парталына «БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылының Пушкин көшесінде үш қабатты 18 - пәтерлі тұрғын үй және оған инженерлік инфрақұрылымдарын салу №1» жобасы бойынша, құны: 231,173 млн. тг; ашық конкурс жарияланды.

         Сонымен қатар қазіргі таңда жүргізіліп жатырған құрылыстар;

1) БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылының оңтүстік-батыс бөлігіндегі 66 учаскелерге арналған тұрғын үй массивінің сумен жабдықтау және автомобиль жолдарының құрылыс, жалпы құны: 236,328 млн. тг. қазіргі таңда нысанның дайындығы  30%.

2) БҚО Тасқала ауданының Тасқала ауылы оңтүстік-батыс бөлігінің 66 учаскесінде тұрғын алапты газбен жабдықтауды және электрмен жабдықтау құрлысы , құны: 32,228 млн.тг.  нысанның дайындығы  20% .

Дата публикации
16 сентября 2021