Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде халыққа мәдени қызмет көрсететін және спорт фунукцияларын орындайтын 2 мекем Олар:
Ауданда 10 мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб, 1 автоклуб, 23 кітапхана (1 аудандық, 1 аудандық балалар, 2 модельді кітапхана, 5 ауылдық балалар және 14 ауылдық кітапханалар), 1 спорт клуб мекемесі, 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.
Ауданның мәдениет саласының 2021 жылғы бюджеті 338459,0 мың теңгені құрады. Соның ішінде мәдени-демалыс орталығы 215476,0 мың.тг, кітапхана 122983,0 мың. теңгені құрайды. Спорт саласының 2021 жылға арналған бюджеті 92989,0 мың теңгені құрайды. Соның ішінде аудандық спорттық жарыстарды ұйымдастыру мақсатында 2044,0 мың теңге жоспарланса, облыстық жарыстарға қатысу үшін 2779,0 мың теңге қарастырылып отыр.
Барлық мәдениет және спорт мекемелері жылу және жарықпен қамтамасыз етілген. Мәдениет үйлері және 22 кітапхана газбен, 1 кітапхана (Қалмақшабын) көмірмен жылытылады.
Мәдениет мекемелерінде 4 авто көлік бар. Олар: 1 волга ГАЗ – 3102, 1 L499 LL ГАЗ 322132-288 маркалы Газель, 1 Toyota Land Cruiser 057YX07, АL Газель ГАЗ А63R45-50 маркалы автокөліктер.
Мәдениет мекемелерінде барлығы 190 адам қызмет атқарады. Аудандық мәдени-демалыс орталығында барлығы 119 қызметкер, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жалпы қызметкерлер саны 71.
Оның ішінде 74 қызметкер жоғары білімді, 38 арнаулы орта білімді, 78 орта білімді. Оның ішінде 63 мәдени қызметкер, 37 шығармашылық топ (көркем жетекші,вокал тобы, сүйемелдеуші, бишілер тобының жетекшісі, ансамбль жетекшісі), 37 кітапханашы бар.
Спорт мекемелерінде барлығы 73 адам қызмет атқарады. Соның ішінде, аудандық спорт клубында 25 қызметкер жұмыс жасайды.
Аудандық мәдени-демалыс орталығы жанында 10 «Халықтық», 2 «Үлгілі» ұжым жұмыс жасауда. Олар:
Халықтық -
Үлгілі -
Аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша 63 үйірме (вокал, драма, домбыра, гитара, хореография, хор, қол өнер, фольклор) жұмыс жасайды, оған 861 өнерпаз қатысады. (Соның ішінде балалар үйірмесі-49).
Жыл басынан оффлайн және онлайн өткізілген шара саны 745. Оның ішінде аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша 400 мәдени шара өткізіліп, оған 41937 көрермен қамтылса, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 345 көпшілік іс-шара өткізіліп, оған 5612 оқырман қамтылды.
Есепті кезеңде оқырмандар саны 7562 құраса, келушілер саны 68273. Оқырмандарға 13061 дана кітап берілді. Кітап қорының айналымы 283134 дана болса, оның мемлекеттік тіліндегі саны 165416 дана. Жаңа түскен әдебиеттердің саны 537 дана, соның ішінде 422 мемлекеттік тіліндегі әдебиеттер.
Жыл басынан аудандық мәдениет үйлерінде және аудан кітапханаларында мәдени көпшілік шаралар, концерттер, бейнеролик, бейне сұхбат, байқаулар, бейнеқұттықтау, бейнеоқу, тақырыптық сағат, дәріс, әдеби кеш, виртуалды көрме, кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, аудандық мәдениет үйі жанындағы халықтық театр актерлары қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері М. Мақатаевтің 90-жылдығына орай «Поэзия Мұзбалағы» атты бейнеоқуларын инстаграмм, фейсбук әлеуметтік желілерінде ұсынылды. Жыр алыбы Ж. Жабаевтың 175-жылдығына орай Достық ауылдық мәдениет үйі «Жүз жыл жырлаған жүрек» қашықтан танымдық сағаты, Тоғайлы ауылдық клубы «Жамбыл жыры мәңгілік» бейнеролик, Мереке ауылдық мәдениет үйі «Ұлы даланың алып жыршысы» бейнеролик, Ақтау ауылдық мәдениет үйі «Дана дара Жамбыл» тақырыбында бейнеролик жарияланды.
Қазақстанның ұлы тұлғаларының шығармашылығын насихаттау мақсатында Мереке ауылдық мәдениет үйі Н.Тілендиевтің 95 жылдығына орай «Нұрғисаның әндері-ай»қашықтан ән байқауын ұйымдастырды. Ақтау ауылдық мәдениет үйі «Қазақтың Қыз Жібегі» тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М.Өтекешованың 70 жасқа толуына арналған видеоролик жариялады, Ақтау ауылдық мәдениет үйі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері К.Дүйсекеевтің туғанына 75 жыл толуына орай «Өмір–өмір» атты әдеби - музыкалық кеш өткізді.
1 наурыз Алғыс айту күні, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекелік онлайн концертін ұсынды. Шарада топтың репертуарындағы қазақ, орыс, украин тіліндегі әндер шырқалды. «Мәдениет майталманы» төсбелігісінің иегері Х. Сұлтангереев топпен бірге өнер көрсетіп поляк халқының «Сұлу қыз», орыс халқының «Калина», «Порушка параня» әндерін орындады.
«Асыл мұра» жобасы Шежін ауылдық мәдениет үйі «Ою-өрнек кереметі» шеберлік сағатын өткізді. Мереке ауылдық мәдениет үйі «Қазағымның қазынасы - домбыра» қазақтың ұлттық аспабын насихаттауға арналған шара,Тоғайлы ауылдық клубы «Асау үйрету шарасын ұйымдастырды.
2 маусым күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында аудандық «Жігіт сұлтаны-2021» байқауы өтті. Шара барысында жігіттердің шеберлігі, ептілігі, білімі мен өнері сарапқа салынды. Жігіттер - «Тегімді менің сұрасаң», «Ескірмейтін есті сөз», «Намысы бар жігіттің нар күшіндей күші бар», «Жігітке жеті өнер де аз» аталымдары бойынша сынға түсті. Бас жүлде -Аубекеров Аязби-Мерей ауылдық округі, І орын-Кужумберлиев Темірлан-Достық ауылдық округі, ІІ орын-Сұлтанмұратов Бақдаулет-Қосшы ауылдық округі, ІІІ орын- Мұхамбетов Махамбет Сәрсенбайұлы –Шежін аулдық округі. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Амангелді ауылдық мәдениет үйі «Менің ауылым» атты ауыларалық челлендж ұйымдастырып, оған Мереке, Шежін, Атамекен, Ақтау, Мерей, Достық, Бірлік, Оян ауылдық мәдениет үйлері және Тоғайлы ауылдық клубы қатысты.
Аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен тікелей эфирде өткен «Әнім сен едің» Онлайн ән кешінде Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Ш. Қалдаяқовтың «Арқалықтың ақ таңы», «Ақсудан ұшқан аққулар», «Кешікпей келем деп ең», «Арыс жағасында», «Өмір-өзен», Нұрсұлтан Әлімқұловтың сөзіне жазылған «Қайықта», Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған «Ана туралы жыр», Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған «Тамды аруы» сынды әндері шырқалды.
Ағымдағы жылы аудандық мәдениет үйі жанындағы М.Дюсингалиева жетекшілік ететін би ұжымдары Алматы қаласында өткен «Мен де жұлдыз боламын» республикалық түсірілімдік байқауында «Жібек жолы» халықтық би ансамблі I орынға ие болып, Түркия мемлекетінде өтетін байқауға жолдама жеңіп алса, «Қиялдан» үлгілі би ансамблі ІІІ орынды иеленді.
Мамыр айында «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Біз бақытты баламыз» байқауында «Таңшолпан» би ансамблі ІІІ орынға ие болды.
«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Біз бақытты баламыз» байқауында «Қиялдан» би ансамблінің кіші тобы ІІІ орынға ие болды.
«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Біз бақытты баламыз» байқауында «Қиялдан» би ансамблінің жоғары тобы ІІІ орынға ие болды.
Аудандық мәдениет үйі жанындағы «QuicqStep» би тобы Түркия мемлекеттінің ұйымдастыруымен өткен «International youth and sperts day» халықаралық музыка және би фестиваліне қатысып ІІ орынды иеленді.
Спорт.
Тасқала ауданы бойынша 1 стадион, 12 спорт алаңы, 6 хоккей алаңы, баскетбол алаңы, 10 стрит воркаут, 18 спорт зал бар.
Аудан бойынша аталмыш нысандар бұқаралық спортты дамыту мақсатында кеңінен пайдаланылуда.
Ұлтымыздың ойынын жаңғырту, келешек ұрпақтың қызығушылығын ояту мақсатында қазіргі таңда ТОО «Луч» базасында аптасына төрт рет өтетін ат спорты үйірмесі жұмыс жасайды.
Ауданның ауылдық округтерінде 2 спорт әдіскері, 7 спорт-нұсқаушы өз қызметтерін атқаруда. (Олар: Тасқала ауылы – 2 спорт әдіскер, 2 спорт-нұсқаушы: Ақтау ауылдық округі - 1, Достық ауылдық округі - 1, Қосшы ауылдық округі - 1, Мереке ауылдық округі - 1, Шежін ауылдық округі - 1, Қазақстан ауылдық округі – 1, Тасқала ауылдық округінің – 1).
Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 14 спорт түрінен 31 жаттықтырушы 686 жас спортшылармен жұмыстанады.
Спорт түрлері: 7 олимпиадалық спорт түрлері - еркін күрес, дзюдо, волейбол, футбол, гандбол, баскетбол, бадминтон, олимпиадалық спорт түрлеріне кірмеген спорт түрлері- көпсайыс, пауэрлифтинг, самбо, тоғызқұмалақ, казак күресі, жекпе-жек, армрестлинг.
Ауылдық округтерде жұмыс жасайтын жаттықтырушылар:
Ақтау ауылдық округі – 1 (қазақ күресі),
Қосшы ауылдық округі – 2 (волейбол, еркін күрес),
Амангелды ауылдық округі - 1 (дзюдо),
ІІ-Шежін ауылдық округі 2 (бадминтон, қазақ күресі),
Қазақстан ауылдық округі – 1 (дзюдо),
Мерей ауылдық округі -1 (дзюдо).
Аудан бойынша аптасына 3 рет дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 5437 адам, бұл 32,7% пайызды құрайды.
Жалпы аудан бойынша 2021 жылдың 8 айында бойынша салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 70-ке жуық спорттық шара өткізіліп, спорттық жарыстарға 2000-нан астам адам қамтылды. Соның ішінде ұлттық спорт түрлерінің саны – 27.
Аудан спортшылары 43 облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысты. Барлығы 18 – алтын, 13 – күміс, 16 – қола медальдарды иеленді.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының чемпионатына қазақ күресінен Ульданов Ахмади, Асылбеков Тамерлан, Бекмурзин Арман, дзюдодан Жанболатұлы Эльнар, қол күресінен Қошқарбаев Оралбек, Кинаков Сержан, самбодан Мамбетов Дінмұхамбет, ММА аралас жекпе-жектен Шинбаев Қадырбек, еркін күрестен Сағынгереев Біржан, тоғызқұмалақтан Шукеева Малика, Есімбек Ералы қатысып спорт шеберіне үміткер атағына иеленді. Және жерлесіміз Шинбаев Қадырбек Болгарияда өткен ММА аралас жекпе-жектен ел намысын қорғап келді.
2021 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында «Қысқы бағдар» шаңғы спорттық бағдарлау жарысынан ерлер және әйелдер арасында аудан ашық біріншілігі, қысқы президенттік көпсайыстан аудан біріншілігі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Асауды ауыздықтаған қазағымның жігіттері» атты асау үйретуден аудандық турнир оздырылды. Ұлы жеңістің 76 жылдығына орай шағын футболдан мекеме арасында аудан біріншілігі өткізілді.
Тілдер.
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз бар. Осы орайда мемлекеттік тіліміздің дамуын, қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырылу мақсатында 2021 жылдарға жоспар бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
2021 жылы мемлекеттік тілді дамыту саласына 987,0 мың теңге қарастырылды.
2021 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік мекемелер арасындағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 94 пайызды құрайды. Кіріс құжаттары 94 пайыз, шығыс құжаттары 99 пайызды құрады.
Ағымдағы жылдың ішінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен дамыту барысында мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғындарды мемлекеттік және өзге де тілдерге оқыту, қазақ тілін латын қарпіне кезең-кезеңмен көшу бойынша түсіндіру жұмыстары және бірнеше байқаулар мен тақырыптық сағаттар, дөңгелек үстелдер мен акциялар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 20 наурызы күні аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Алтын сақа» зияткерлік сайысы өткізілді. Шараға Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің-«Сәулет» МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, қатысты. Сайыс барысында ұстаздар асық шиырып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы ұлықтау мақсатында Амангелді ауылдық мәдениет үйі онлайн форматта «Кел, балалар оқылық» атты мектеп оқушылары және ауыл жастары арасында әдеби монтаж ұйымдастырылды. Қазақ халқының алғашқы ұстазы, өнегелі өлеңдерін үлгі алуға патриоттық сезімге арттыру мақсатында өткізілді.
«Тіл тәуелсіздік тірегі» атты жастар арасында онлайн конференция, «Көрнекті ағартушы Ы.Алтынсарин» атты онлайн сабақ оздырылды. Мемлекеттік тілді насихаттай отырып, өзге ұлт тәрбиеленушілерін мемлекеттік тілде жан-жақты тәрбие беру мақсатында «Қазақшаңыз қалай?» тақырыбында сайыс оздырылды.
Мереке ауылдық мәдениет үйінде «Тілім менің, баға жетпес байлығым» атты танымдық сағаты өткізілді. Жас ұрпақты туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында М. Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойына поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру мақсатында «Ақиық ақынның жауһар жырлары» атты бір күндік дауыстап оқу шарасы өткізілді. «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» кітап көрмесі, Ақтау ауылдық модельді кітапханасында «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби сағаты, сыршыл ақын туралы сөзжұмбақ жасалынып, әлеуметтік желіге енгізілді.
Ақтау ауылдық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Латын әліпбиіне көшу- заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан- жақты мағлұмат беру мақсатында «Әліпби - ұлт болашағы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Сондай-ақ 20 сәуір күні Достық ауылдық кітапханасында латын әліпбиіне көшу-заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және латын әліпбиіне көшдің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат бер, қоғамдық пікір алмасу мақсатында «Латын әліпбиі –болашаққа қадам» атты тәрбие сағаты өткізілді.
1-мамыр көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы күні. Еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында кітапханаларда көптеген шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша «Тілі басқа тілегі бір» атты өзге ұлтты оқырмандардың құттықтау челленджі өткізілді.
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай халықтар достығын нығайту, ұлттар арасындағы татулықты, ынтымақтастықты сақтау және насихаттау мақсатында Тасқала аудандық балалар кітапханасында Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық модельді кітапханасы және Ресей Федерациясының Саратов облысы Озинки ауданының кентаралық муниципалды ОКЖ кітапханаларымен «Бір тұтас шаңырақтың астында» атты онлайн кездесу шарасы өтті. Озинки ауылынан кентаралық муниципалды балалар кітапханасының директорының орынбасары Н.В. Богацкая барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, игі тілегін жолдады. Кітапхана оқырмандары өлең жолдарын оқып, мерекелік тақпақтардан әдеби монтаж ұсынып, музыкалық құттықтауларын жолдады. Шара соңында «Достық – бірлік пен ынтымақ негізі» тақырыбында кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, шолу жүргізілді. Кітапханашылар өзара тәжірибе алмасты. Кітапханада осындай онлайн түріндегі іс-шаралар әлі де жалғасын табады. Аудандық кітапханада «Қазақстан-достық мекені», Амангелді ауылдық кітапханасында «Қазақстан- достық мекені» кітап көрмелері жасақталынып, оқырмандар назарына ұсынылды.
31 мамыр күні Қазақстанның түрлі этностарының жастары арасында «Мен қазақша сөйлеймін» интернет-акциясы өтті. Акцияға аудан жастар, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және волонтерлық ұйымдар қатысты.
Мектеп оқушылары арасында «Тілге құрмет - елге құрмет» тақырыбында онлайн апталығы оздырлыды. Сонымен қатар аудан жастарының қатысуымен әдеби онлайн кездесу, Қазақстанның түрлі этностарының жастары арасында «Мен қазақша сөйлеймін» интернет акциясы өтті.
Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Алтын сақа» зияткерлік сайысы өткізілді. Шараға Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, - «Сәулет» МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысты. Сайыс барысында ұстаздар асық шиырып, түрлі сұрақтарға жауап берді.
Әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Жас оқырманды ұлы данышпан Абайдың өскелең, ойшыл шығармашылық мұрасымен сусындата отырып, сөз қадірін танитын талапты ұл-қыздар тәрбиелеу мақсатында Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларында «Абай күніне» орай шаралар өткізіліп, сонымен қатар барлық кітапханаларда «Абай мұрасы- мәңгілік қазына» атты кітап көрмелері жасақталынды.
Әдістемелік бөлім аудан тұрғындары және кітапхана оқырмандары арасында «Асыл сөзді іздесең- Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында сұрақ- жауап жүргізді. Оқырмандар ұлы ақынның өмір сүрген жылдардан бастап оның балалық шағы, ақынның жолы, тұлға болып қалыптасуы, шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Абайдың халық арасында кеңінен танымал өлең жолдарынан үзінділер беріліп, қатысушылар жалғасын тапты. «Біз Абайды оқимыз» атты аудандық байқау онлайн түрінде ұйымдастырылды. Байқауға 11 оқырман қатысты.
Аудандық кітапханада «Абай мұрасы- рухани қазына» атты әдеби сағат, «Кемеңгерліктің биік шыңы» атты кітап көрмесі, Аудандық балалар кітапханасында «Ұлы даланың ұлы ақыны- Абай» атты поэзия сағаты және ауылдық кітапханаларда да көптеген шаралар өткізілді.