2021 жылдың 16 тамыз күні сағат 11:00-де Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 6 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Самғау» коворкинг орталығының ғимаратында Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, "Орал-Тасқала" трассасы бойында әкімшілік ғимараты бар (сыртқы желілері жоқ) Тасқала құс фабрикасын салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі.
Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға «Тасқала ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жауапты, байланыс телефоны: 8-71139-21-297.
Қоғамдық тыңдау бойынша ескертулер мен ұсыныстар а.taskala@bko.gov.kz электрондық поштасы бойынша қабылданады.
Жоба бойынша құжаттама Тасқала ауданы әкімі аппаратының https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-taskala?lang=kk ресми сайтында орналастырылған.
Ұсынылған жоба материалдарымен қағаз түрінде жобаны жобалаушы - "Анар-ай"ЖШС-нің Орал қаласы,Скоробогатова көшесі, 106/1 мекенжай бойынша танысуға болады.
Тапсырыс беруші: "Тасқала құс фабрикасы" ЖШС, байланыс нөмірі 8-777-478-00-17.
Тапсырыс берушіге қатысты ескертулер мен ұсыныстар a.has@mail.ru электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады:
Жобаны әзірлеуші: "Анар-ай" ЖШС, байланыс телефоны 8-747-427-17-51