2021 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2020 жылдың 11 желтоқсандағы №42 бұйрығымен «2021 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес 2021 жылдың II-тоқсанында 2 жергілікті атқарушы органда ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде жалпы заң бұзушылық анықталған жоқ.
Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін (100 қызметтен астам) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу», «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңде 25 адамды қамтыған 2 семинар-кеңес, 18 адамды қамтыған 2 құқықтық оқыту өткізілді және аудандық «Екпін» газетінде 3 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында 140 жадынама таратылып, 170 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 2235 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде – 18 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы –1642 қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы – 173;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау» арқылы электронды түрде – 402 қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде 53 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды. Соның ішінде:
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ.