2021 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша аналитиқалық жазба

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2020 жылдың 11 желтоқсандағы №42 бұйрығымен «2021 жылға Тасқала ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.

Бекітілген кестеге сәйкес 2021 жылдың  I-тоқсанында 1 жергілікті атқарушы органда  және 1  ведомстволық бағынысты мекемеде ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде жалпы 15 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 14 (2020 жылғы анықталған);
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері (оқығандығы туралы сертификаттың болмауы) – 1(2021 жылғы анықталған).

Тексеріс қорытындысы бойынша 3 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда 1 ұсыныс орындалды.

Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірі «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» (100 қызметтен астам).

Қызмет алушылар тарапынан барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (100 қызметтен астам) «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңді 32 адамды қамтыған 2  семинар-кеңес және 1 дөңгелек үстел, 23 адамды қамтыған 3 құқықтық оқыту өткізілді және аудандық «Екпін» газетінде 1 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында  110 жадынама таратылып, 120 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 9 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен  7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 1334 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен  қағаз түрінде – 70 қызмет;

- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы –924 қызмет;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы – 119;

 - «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Лицензиялау»  арқылы электронды түрде – 221 қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде 57 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылу фактісі орын алған жоқ. 

Дата публикации
05 апреля 2021