2021 жылдың 13 қаңтар 10 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің Тасқала ауданының тұрғындарымен өткізілген есептік кездесулерінде тұрғындардан түскен ұсыныс - ескертпелерін орындау іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

№

Ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер

Орындалуы туралы ақпарат

1.                   

Талдыбұлақ ауылына  қатынайтын бөгетті жөндеу

Көктемгі су тасқынынан кейін қажеттілігіне қарай жөндеу жұмыстары жүргізіледі

2.       

Кеңжайлау ауылына көше жарығын орнату

Көше жарығын орнату тамыз айына жоспарланған.

3.       

Жігер ауылына кіре-беріс жолды жөндеу

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жігер ауылына кіреберіс автомобиль жолына ағымдағы жөндеу (топырақ тогіп нығайту) жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

4.       

Бірлік ауылына ауыз су өткізуге жобалық-сметалық құжат дайындау

Бірлік ауылына су құбырын жүргізу жұмысы бойынша жобалық сметалық қүжаттамасы дайын қазіргі уақытта сараптамадан өтуде

5.       

Бірлік ауылына кіре-беріс жолды жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындау

2021 жылдың соңына дейін аталған жолды жөндеу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындау жоспарланып отыр.

6.       

Бірлік ауылына медициналық пункт ғимаратын салу

Медициналық пункт құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жасалды. Қаржыландыру мәселесі қаралуда.

7.       

Алмалы ауылына көше жарығын орнату

Көше жарығын 2021 жылдың сәуір айында орнату жоспарлануда

8.       

Достық ауылына кіре-беріс 3,5 км жолды жөндеу

2021 жылдың соңына дейін жобалық-сметалық құжаттама дайындау жоспарланып отыр

9.       

Мерей ауылында ауылшаруашылық өндірістік кооператив жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру

Округ бойынша «Мерей қазына» АӨК құрылды АӨК құрамына 56 бас ІҚМ тіркелді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

10.   

Шежін ауылына интернет өткізу

«Қазақтелеком» АҚ арқылы интертен тартуға келісім сөздер жүргізілуде

 

11.   

Аманкелді ауылының Жуков, Аманкелді, Мажитов қөшелеріне электрқуатын беретін трансформаторды ауыстыру

2021 жылдың қазан айына дейін ауыстыру жоспарлануда.

12.   

Атамекен ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын орынды реттеу (жинақтау)

2021 жылы мамыр айында жинақтау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

13.   

Ақтау ауылына кіре-беріс 3 км жолды жөндеу

Биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды, қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізілетін болады

14.   

Тасқала а. «Москвичи» ЖЖМҚС жағынан кіре-беріс жолды жөндеу

Биылғы жылы аталған жолға сметалық құжаттама дайындау жоспарланып отыр.

15.   

Тасқала ауылында жаңа зират орнын жайластыру

Жаңа зират салуға жер учаскесі белгіленіп, құжаттары рәсімделуде.

16.   

Тасқала ауылында жаңа мешіт құрылысын жүргізу

Тасқала ауылында жана Мешіт құрылысы қазіргі танда ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталуы жоспарлануда.

Дата публикации
29 марта 2021