2019 жылғы «2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын» іске асыру жөніндегі есебіне аналитикалық жазба

2019 жылғы «2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын» іске асыру жөніндегі есебіне аналитикалық жазба

2016-2020 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақтарты дамыту бағдарламасы Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылдың 11 қаңтарында №37-1 шешімімен бекітілген. Аумақтарды дамыту бағдарламасының іс-шаралар жоспары Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №34 қаулысымен бекітілген. Соңғы түзетулер 2019 жылғы 26 желтоқсанда болды.

Тасқала ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасы 5 бағыттан тұрады:

1.ЭКОНОМИКА

2.ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ

3.ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІП

4.ИНФРАҚҚҰРЫЛЫМ

5.ЭКОЛОГИЯ.

Бағдарламаның мониторингі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

Бағдарламаның іс-шаралар жоспары бекітілген мақсатты индикаторлар мен бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Бағдарламада барлығы 12 мақсат, 31 индикатор көзделген. 2019 жылы 31 индикатордың 22-сіне қол жеткізілді, 2 индикаторда статистикалық ақпарат, 2 индикаторда жоспарланған мәндер жоқ, 5 көрсеткішке қол жеткізілмеді. Аумақтарды дамыту бағдарламасының іс-шаралар жоспарында 21 іс-шара көзделген, оның ішінде барлығы да орындалды.

1 БАҒЫТ. ЭКОНОМИКА

Бұл бағытта 10 нысаналы индикатор қарастырылған, оның ішінде 2 индикатор көрсеткішке қол жеткізілген жоқ, 1 көрсеткіш бойынша жоспарлы мәні жоқ.

1.2 нысаны бойынша «Өңдеуші өнеркәсіптің өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге» 4 нысаналы индикатор көзделген. 2019 жылы 2 нысаналы индикатор орындалған жоқ.

«Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі» және «Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі» нысаналы индикаторы өнеркәсіптік өндірістің жай дамуына байланысты орындалған жоқ, аудан негізінен ауыл шаруашылығына маманданған. Өнеркәсіптің құлдырауы кірпіш зауыты мен наубайхананың жабылуы әсер етті.

1.3 нысаны бойынша – «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге» 2 нысаналы индикатор және 1 іс-шара көзделген. Барлық нысаналы индикаторға және іс-шараға қолжеткізілді.

1.4 нысаны бойынша– «Шағын және орта кәсіпкерлік ұстанымдарын кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға» 3 нысаналы индикатор және 3 іс-шара көзделген, оның ішінде барлық нысаналы индикаторға және көзделген іс-щараларға қолжеткізілді. 

2 БАҒЫТ. ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ

Бұл бағытта 5 мақсат қарастырылған (білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт).

Білім беру.

2.1 нысаны бойынша – «Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға» 2 нысаналы индикатор мен 2 іс-шара көзделген. Барлық нысаналы индикаторға және іс-шараларға қолжеткізілді. Ауданда апаттық мектептер жоқ. 3-6 жас аралығындағы барлық балалар мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен 100% қамтылған.

Денсаулық сақтау.

2.2 нысаны бойынша – 6 нысаналы индикатор және 2 іс-шара көзделген. Барлық нысаналы индикаторға және іс-шараларға қолжеткізілді. 2019 жылы ана өлімі тіркелмеген. Ауданда 283 туылғанға шаққанда нәресте өлімінің 1 жағдайы тіркелді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.

2.3 нысаны бойынша – «Халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуі»

2019 жылда 1 нысаналы индикаторға қолжеткізілген жоқ. Есепті кезеңге «Жұмыссыздық деңгейі» және «Өндіріссіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санының» көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын атаулы әлеуметтік көмек алушылардың нақты ауырлығы (шартты ақшалай қолдау)» индикаторы бойынша. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны (шартты ақшалай қолдау) 1160 адамды құрады, олардың ішінде 346 адам белсенді еңбек етуде.

Мәдениет.

2.4 нысаны бойынша «Отандық мәдениетті және өнерді кең түрде насихаттау».

Алдын ала мәліметтер бойынша кітапханадағы оқырмандар саны 12 178 адамды құрады. Қазіргі уақытта статистикалық мәліметтер жоқ. «Аудандық кітапханаларға компьютерлік техниканы сатып алу» іс-шарасында үнемдеуге байланысты кеңсе техникасы жаңартылды (3 компьютер, 1 ноутбук, 2 компьютер жиынтығы және 2 принтер).

3 БАҒЫТ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІП

3.1 нысаны бойынша – «Азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың әлеуметтік қолайлы деңгейін құру және қолдау» 2 нысаналы индикатор, 2 іс-шараларды қарастырады. Барлық нысаналы индикаторлар мен іс-шаралар орындалды. 2019 жылы 136 қылмыс тіркелді, оның ішінде 6 қылмыс көшеде жасалынған.

4 БАҒЫТ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

4.1 нысаны бойынша – 5 индикатор және 5 іс-шара көзделген. Барлық индикаторлар мен іс-шара орындалған. 

5 БАҒЫТ. ЭКОЛОГИЯ.

5 нысан бойынша 1 мақсат және 3 нысаналы индикатор көздделген. Барлық көрсеткіштерге қол жеткізілді. 1 көрсеткіш бойынша жоспарлы мәні жоқ.

Бағдарламаны іске асыруға барлық қаржыландыру көздері есебінен 2019 жылға 6 465 204,0 мың.теңге қарастырылды, оның ішінде 419 251,0 мың.теңге республикалық бюджеттен, 333 953,0 мың.теңге жергілікті бюджеттен, 5 712 000,0 басқа да көздерден.

2019 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 9 382 514,4 мың.теңге игерілді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 419 251,0 мың.теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 306 934,4 мың.теңге, басқа көздер есебінен 8 656 329,0 мың.теңге.

Аудан әкімінің орынбасары                                                              А.Халауедин                                                                 

Экономика және қаржы бөлімі

басшысының м.а                                                                                  Э.Бисалиева

 

Дата публикации
17 февраля 2020