2020 жылға арналған аудандық бюджет көлемі 6 474 616 мың теңгені құрайды (2021 жылы – 3 977 812 мың теңге, 2022 жылы – 4 076 217 мың теңге).
Аудандық бюджеттің өз кірістері 2020 жылы 638 364 мың теңге (жеке табыс салығы – 183 866 мың теңге, әлеуметтік салық – 187 157 мың теңге, меншікке салынатын салықтар – 243 616 мың теңге, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар – 5 584 мың теңге, заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер – 2 139 мың теңге, басқа да салықтық емес түсiмдер – 5 672 мың теңге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 330 мың теңге) сомасында (2021 жылы – 663 478 мың теңге, 2022 жылы – 687 376 мың теңге).
2020 жылы жалпы сипаттағы трансферттер (субвенция) сомасы 3 455 687 мың теңге (2021 жылы – 3 314 334 мың теңге, 2022 жылы – 3 388 841 мың теңге) құрайды.
Сонымен қатар, 2020 жылы жоғары бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер 1 888 699 мың теңге сомасында (2021 жылы – 0 теңге, 2022 жылы – 0 теңге) қарастырылған.
Бұған қоса, 2020 жылға арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен өтеу кестесіне сәйкес бұрын берілген бюджеттік кредиттерден 44 198 мың теңге сомасында қайтару қарастырылған.